Басты бет > Білім > МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС ӨНЕРПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС ӨНЕРПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

19
views

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты шығармашылық байқау ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу туралы тапсырмасын жүзеге асырып, шығармашылық байқау арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін көрсету, шығармашылығына қолдау көрсету, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту. Жастардың шығармашылық байқауы арқылы өмірге деген құштарлығын арттырып, мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның мүшесі, қатысушысы екенін сезінуге мүмкіндік жасау және жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
Байқауға оңтүстіктің барлық аудан-қалаларынан дарынды, таланатты 50 мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер қатысып, бақтарын сынады.
Олар 3 кезең бойынша: «Үй тапсырмасы», «Автопортрет»,«Натюрморт» бойынша сурет салды.
Үздіктері облыс әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілқайырұлының атынан арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Олар: Бас жүлде — Абдуманап Абай (Төлеби ауданы);
1-орын — Утемисова Алина (Кентау);
1-орын — Нұрахман Ерсултан (Қазығұрт);
2-орын — Бекбулатов Атабек (Сайрам ауданы);
2-орын — Тишкимбаев Алибек (Шымкент қаласы);
3-орын — Абишев Даулет (Кентау қаласы);
3-орын — Бекет Жаннур (Шымкент қаласы);
3-орын — Жунусова Гулфайруз (Кентау қаласы);

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *