Басты бет > Хабар > Менің сүйікті дəрігерім!

Менің сүйікті дəрігерім!

49
views

Қасиетті айдың сауабына кенелейінші деп, əр күнімді сауапты іске жұмсауға ниет еттім. Шүкір Аллаға ! Бастысы ниетте екен!

Кеше ғана Елбасымыздың сынына ұшыраған, біздің облысымызда, шынымен-ақ жұмысқа тұру деген мəселе мен айтпай-ақ қояын, қиынның-қиыны! Бұл мəселе дəл əкім Туймебаевтың кезінен емес, өңір соңғы 10жыл пара мен «қараның» тізімінде айғайлап тұрғаны жасырын емес… Сарыағаштың жырын жырлап, əділетсіздікпен күресем деп жүріп, күніне қилы тағдыр, қиын жағдай, қоңырау соғылып немесе жазба түрде жекеме келіп жатады. Мен де тек білім деп қарап отыра алмай , қолдан келгенше (Сарыағаштың «ойбай əкім білмесін» деген басқа салалары) қоңырауға көніп, шешіліп жатты…. Соның бірін, мен, мен емес-ау, бір ауыз өтінішімді жерге тастамай шешкен «менің дəрігерім» еді!
Бір əдемі дүние жазайын-ақ деп едім, бірақ осылай бастауға тура келіп тұр! I am sorry!!!
Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы.
Иә! Жоғарыда айтқандай, тағы бір иелік етіп менің дәрігерім дейінші!!!!
Көөөп ауырып, осы кісінің қабылдауы мен қарауында жүрген емеспін. Шыны сол! Журналист болып жүріп, қайта-қайта сұқбат алып, не мен , не Мұқаң бір бірімізден «ұпай» жинаған емеспіз….
Бірақ мен білетін Егізбаев менің дәрігерім!!!!
Жастайынан-ақ, ғылымға ерекше ден қойып, оған қыруар еңбек сіңіріп, биік деңгейдегі басшылықта абыройлы болу— мыңның бірінің қолынан келе бермесі де, жасыра алмайтын шындық. Әрине бар шығар, бірақ олардың бәрі xалық көңілінде жақсы қырынан танылып, өзі басқарған қай мекеме болсын, күллі жұртшылықтың жүрек төрінен бекем орын ала алғандары жоқ!!! Мен кесімді түрде айта алам! Өйткені Мұқаң жүрген жерден, темірдей тәртіп, тазалықтың өзгеше сарыны, мен біле бермейтін , тек жақсылығын жыр етіп айтатын ұжым қалады. Әр қадамын байыппен қарап, айнала болмысқа ой жіберіп, сол ортаның келешегін болжап, соңынан гүлдендіріп отырады. Мұқан Егізбаев мырзаның өзі жұмыс істеп кеткен барлық ауруxананы көрсең көзің тояды. Қазақшалап айтқанда, басқан ізінен шөп шығатын тұлға. Әр қырынан танып отырып кешегі кездесу , антына адал, қарапайымдылығына шек жоқ, нағыз мемлекеттік қызметші деп баға бердім. Ғалымдығы мен дәрігерлігі бір төбе, түпсіз теңіз, қасындағы бізбен, яғни менімен бірге кірген медбикенің үлкенді-кішілігіне қарамай, тілін таба білген шеберлігін айтсайшы!
«Біздің өңірде орта арнаулы бір емес бірнеше оқу орны бар, жылына 7500 медбике мамандығымен жұмысқа орналасу керек! Ал бізге керегі 1500 ғана . Қалғаны жұмыссыздар санын толықтырады. Өзіңіздей қаншама кісі жұмыс іздеп келеді» деді де, маған түсініксіз үш сұрақ қойды… Іркіліп барып , жауап бергендей болды. Мақтап отырған медбикем де,мен де қызарып салдық. Әрі қарай сөзге келмей орынбасарын шақырып, тапсырма берді. (Іштей тынып үнсіз қалдым) Кішкене жымиыспен қолайсыздықты,
жұмысты жүйелендіріп жатқанын, материалдық-теxникалық базаның жүйеге қызмет етуге дайын емес екенін, енді ғана цифрландырудың еніп жатқанын, Сарыағашпен тығыз байланыста екенімді білсе керек, ( оның үстіне қасымдағы келіншек сол өңірден) 400 медбикенің артық жұмыс істегенін, соның салдарынан бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының науқасқа керек дәріге емес , сол жұмыскерлерге айлық жалақысына кететініне қынжылды. 400 медбикеден қазір 150 қалыпты . Ендеше науқастар біраз дәрі дәрмектерді тегін алатын болыпты . Сондай-ақ, ауруxаналардың көпсалалы болып біріккендігі, облыс бюджетіне де, ауру кісіге де тиімді екенін естідім. Айтпақшы бұл бірігуде штат бірлігі сол күйінше , тек бас дәрігердің біреу болатыны , ал екіншісі бөлім меңгерушісі болып қалатынын түсіндіріп өтті. Біраз БАҚ өкілдерінің
» ауруханалар жоғалып жатыр » деген гу-гу əңгіме желінің бағыты жеке өзіме , түсіндіре алсам сіздерге де мəлім болды-ау…. Тиімділігі , науқасқа шұғыл қажет кардиологты келесі ауруxанадан келгенін күтпестен қарауға мүмкіндік туады. Бұл дегеніміз, аурудың жанын аман алып қалу, бар күшті бірге пайдалану емес пе!? Басқаны қайдам, мен солай түсіндім.
Арнайы сұқбат емес еді, өтінішпен кіріп, әңгімелескен бес минут, «Мұқаң нағыз дәрігер» деген ойымды тағы бір дәлелдеп ризашылықпен шықтым. Ал бір жəмəəəн қасиетім, қызмет етер саласына жанын да аямайтын жандарды, «автоматты» түрде «менің» деп иелік ете қоямын.
Менің сүйікті дəрігерім!!!!
Антына адал жан!
Мұқан Кеңесбекұлы!!!
Кәсіби мерекеңіз қарсаңында, Сізге және басқарып отырған салаңыздың барлық дәрігерлеріне, толағай табыс, еңбектеріңіздің жемісі мен жеңісінің қатар жүруін тіледім.

«МедиаON» ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің директоры — бас редакторы
Малика Абдалиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *