Басты бет > Қоғам > Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Қазақстанда жаңа деңгейге көтереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Қазақстанда жаңа деңгейге көтереді

Қарқынды және инклюзивті экономиканы дамыта отырып, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін қалыптастыратын қуатты ел болу бағыты айқын көрсетілген.Бұл жолдаудың әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Сондықтан да оны әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелерін шешудегі бағдарламалық құжат деп айтуға болады. Әлеуметтік сала бойынша алдымызда шешуін күтіп тұрған біраз проблемалар бар. Кейде тұрғындар соны дер кезінде іске асуы үшін Мемлекет басшысына талап-тілегін жеткізгісі келеді. Осыған байланысты Президент әкімшілігі мемлекеттік мекемелерден азаматтардың өтініштерін қарау деңгейінің сапасын бақылайтын бөлім ашты. Бұл біздің жұмысымызға оң серпін берді. Енді халықты мазалаған мәселелер бір­тіндеп шешіледі деп ойлаймыз. Жолдауда ел бюджеті екі негізгі мақсат – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттауды тиянақты саралаған. Ол үш жоспарланған тиімді бағдарламалар халық арасында қолдауын табуда. Әлемдегі түрлі экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекетіміздің әлеуметтік салаға, әсіресе халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған саясаты дұрыс жолға қойылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауда қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керектігін баса айтты. Сонымен қатар ұстаздар қауымы асыға тосып жүрген «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы – білім саласына кең жол ашады деп сенемін. Алдағы жылы ұлтымыздың ұлылары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуге мән беріліп отыр. Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы тойланады. Президент осындай ауқымды мәдени шара барысында ысырапшылдыққа жол бермей, тұлғаларымыздың өмір жолы мен еңбектерін халық арасында насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру туралы парасатты ой қозғады. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жастарды нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деген сенімдеміз.

Медиаон ақпарат