Басты бет > Хабар > Мемлекет басшысының Жолдауы – қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды басымдықтарын белгілейтін, ең маңызды бағдарламалық құжат

Мемлекет басшысының Жолдауы – қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды басымдықтарын белгілейтін, ең маңызды бағдарламалық құжат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіндегі алғашқы Жолдауы. Жолдаудың бір бағыты жемқорлықпен күреске арналған. Президент жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса бертінін баса айтты: «Сыбайлас жемқорлық қылмысы болған ведомствоның бірінші басшысының жауапкершілігін заң жүзінде регламенттеген жөн. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қызметкерлерінің қатаң жауапкершілігін көздеу қажет. Заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттері үшін. Кінәсіздік презумпциясы толық көлемде сақталуы тиіс». Негізгі міндеттердің ішінде тиімді мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және заңның үстемдігі танылды. Бұл мақсаттарға жету жолының қандай болуы керек екендігі айқын көрінетіні маңызды. Шенеуніктердің қызметіне баға беру, мемлекеттік органдардағы үдерістерді цифрландыру, әкімшілік ресурстарды шоғырландыру, қоғам алдында тұрған проблемаларды шешуге халықты тарту. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді. Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне еңген Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойы тыйым салу енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі, басшылардың дербес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды.

Медиаон ақпарат