Басты бет > Саясат > Медиация тәртібімен татуласты

Медиация тәртібімен татуласты

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотталушылар Б-ның және Н-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар Б. және Н. адамдар тобымен алдын-ала сөз байласып, бөтен мүлікті жасырын ұрлау бойынша, 2019 жылдың 20 ақпан күні сағат 16:30 шамасында, Қармақшы ауданы, Ордазы станциясында ұзындығы 76 метр болатын темір рельсті жасырын ұрлаған екен. Іс бойынша нақты дәлелдемелер келтірілген.

Сот отырысында сотталушылардың кінәсі, өздерінің қылмыстық әрекетін мойындаған жауаптарымен, сондай-ақ, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденіп отыр.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, бір-бірімен келісімге келді. Яғни екі тарапта берген арыздарын қайта алып, істі соттаспай тоқтатты.

Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

С.Жанысбаев

Медиаон ақпарат

Фото ғаламтордан