Басты бет > Жастар > “Мегаполиске квест-саяхат” іс-шарасы өтті

“Мегаполиске квест-саяхат” іс-шарасы өтті

Шымкент қаласының орталық “Отырар” кітапханасының ұйымдастыруымен 19 маусым Қала күніне орай “Мегаполиске квест-саяхат” іс-шарасы өтті. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, жазушы Еркінбек Тұрысов ақсақалмен саяхатқа шыққан белсенді жастар “Бәйдібек би” ескерткіші мен “Үш би” ескерткіші және “Данқ” мемориалы, т. б . қаланың көрікті жерлеріне барды. Аталған іс-шара көркем де көрнекті қазақ жазушысы, ғасыркөрген Еркінбек Тұрысовтың қатысуымен ерекшеленді. Ерекшелігі сол, жазушы көпке беймәлім тарихи тың деректермен таныстырды. Оның бірі – осыдан алпыс жыл бұрын қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовпен Шымкент қаласына саяхаттап, сұхбаттасқандығы.

Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Медиаон ақпарат