Басты бет > Спорт > Мақтарал: «МАҚТААРАЛ» «АСТАНА» КЛУБЫН 3:1 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

Мақтарал: «МАҚТААРАЛ» «АСТАНА» КЛУБЫН 3:1 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

126
views

Бүгін Мақтарал ауданында үлкен футбол тойы өтуде. Еліміздің 4 дүркін чемпионы «Астана» футбол клубы жергілікті «Мақтаарал» командасымен бақ сынасуда. Бұл сайыс «Қазақстан кубогы – 2018» жолындағы іріктеу ойындары негізінде ұйымдастырылуда.

Атакент кентінің «Алпамыс батыр» орталық стадионына жиналған жұрт қарақұрым. Жергілікті жанкүйерлер ойын басталмай жатып алаңды толтырды. Олар «Мақтаарал» командасының атақты «Астана» клубымен бақ сынасуын тарихи оқиға ретінде қабылдап отыр. Өйткені, бірінші лигада талай команданың апшысын қуырып жүрген «Мақтаарал» командасы «Астана» секілді азулы қарсыласпен өз жерінде кездесу өткізіп көрмеген. Ал, «Астананың» атақ-даңқын біз айтпай-ақ жалпақ жұрт жақсы біледі.

Енді ойынға келсек, ойынның бірінші кезеңі өте тартысты өтті. Алма-кезек шабуылдасқан қос команда қорғануды емес, жаппай шабуылға мән берді. Соның нәтижесінде «Мақтаарал» футбол клубы І таймның 42 минутында гол соғып, ойындағы есепті ашты. Бұл жол мергендігімен көзге түскен жартылай қорғаушы, 19-шы нөмірлі Ғалымжан Ермұрзаев болатын.

Ойынның ІІ таймы бастала салып-ақ, «Мақтаарал» ФК-ның ойыншысы Асқар Абутов екінші голды салып, есепті еселеді. Сондай-ақ, 80-ші минутта Элмар Набиев тағы бір гол салып, есепті 3:0-ге жеткізіп, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.

«Астана» клубы да үстін-үстін шабуыл ұйымдастырып, ойынның 89-минутында «Мақтаарал» қақпасына Прокопенко жұбаныш голын салды. Осылайша астаналықтар есепті 3:1-ге жеткізді. Жалпы, ойын өте тартысты өтті. Бұл — мақтаралдық команданың тарихи жеңісі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *