Басты бет > Саясат > Мақтарал: АУДАН ӘКІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ 5 НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДЫ ҰСЫНДЫ

Мақтарал: АУДАН ӘКІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ 5 НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДЫ ҰСЫНДЫ

13
views

Мақтарал ауданында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында алқалы мәжіліс өтті. Жиынға ОҚО әкімі апаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы М. Қыдырбеков, аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудан прокуроры Н. Асханбеков, маслихат хатшысы М. Жайлымшиев, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ә. Байдуллаев және құқық қорғау органдарының, қала, кент ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары қатысты.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шараларының Мақтарал ауданында жүзеге асуы туралы жиынды аудан әкімі Ж. Бейсенбаев жүргізіп отырды.

Ең алдымен ОҚО әкімі аппаратының персоналды қызмет бөлімінің бас инспекторы Ахмет Сақабаевқа сөз кезегі берілді. Ол қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы ОҚО бойынша департаментінің Мақтарал аймағы ауданаралық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Марат Оразов сөз сөйледі.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік қызметкерлер туралы дайындалған арнайы видеороликтер көрсетіліп, қоғамның жегі құрты саналған қылмыстың елімізге келтіретін зияны туралы айтылды. Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері мемлекеттік қызметте жүрген ауылдық округтің әкімдері, мектеп директорлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, бұл дертпен күресудің тиімді тәсілдерін қоғамның назарына ұсынды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы Ж.Бейсенбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында арнайы 5 негізгі ұстанымды ұсынды.

«Біріншіден, қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әрбір мемлекеттік қызметкер бірінші өзінен бастауы керек. Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Үшіншіден, ел болам десең, бесігінді түзе дегендей, біз сыбайлас жемқорлықпен күресті бесікте жатқан баладан, бала тәрбиесінен, балабақшадан бастап, мектеп қабырғасынан, жоғары оқу орындарынан әрбір жеткіншектің, әрбір бүлдіршіннің, әрбір оқушының, шәкірттің, санасына сіңіре білуге тиіспіз. Төртіншіден, әрбір мемлекеттік қызметкер соңғы заманауи технологияларды жетік меңгеруі тиіс. Келешекте барлық мемлекеттік қызмет түрлері 100 пайыз электронды түрде көрсетілетін болады. Бесіншіден, әрбір мемлекеттік қызметкер Әдеп кодексінде көрсетілген тәртіптерді қатаң сақтап, ел мен халықпен сөйлескенде аса ұқыптылықпен, ерекше ықыласпен, әдептілікпен сөйлесе білуі керек» — деді Жамантай Қанайұлы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *