Басты бет > Саясат > Мақтарал АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ: АТҚАРЫЛҒАН ШАРУАЛАР ҚАНДАЙ?!

Мақтарал АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ: АТҚАРЫЛҒАН ШАРУАЛАР ҚАНДАЙ?!

131
views

Ғ.Исмаиловтың 2017 жылға жасалған жұмыстар бойынша тұрғындармен есепті кездесуі жалғасуда. 30-қаңтар күні Қарақай, Жылысу ауылдық округтерінің, 31-қаңтар күні Қазыбек би, А.Қалыбеков ауылдық округтерінің, 1-ақпан күні Ынтымақ ауылдық округі мен Асықата кентінің, 2-ақпан күні Абай, Ж.Ералиев ауылдық округтерінің тұғындарына есеп берген аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен жобалар туралы баяндап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қарақай ауылдық округі аумағындағы 5 елді мекен тұрғындары толығымен құбыр суын пайдаланады. Жалпы округ бойынша ауыз су мәселесі толығымен өз шешімін тапқан. Сондай-ақ, қазіргі таңда округтегі тұрғын үйлердің 99 пайызы табиғи газды пайдалануда.

Елді мекендердегі ішкі көшелерді орта және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрғын үйлер толық түскен жаңа көшелерге электр бағандарын орнату, қосымша трансформатор қою жұмыстары бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы атқарылады. Елді мекендердегі мектепке барар жол бойларына «Жол картасы» бағдарламасының 4-ші бағыты негізінде аяқжол салу мақсатында Сәтпаев, Қарақай, Кетебай және Қараөзек елді мекендеріндегі жалпы саны 11 көшеге аяқжол салу және жарықтандыру мәселесі бойынша жер телімінің сызбалары мен актісі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан дайындалуда.

Жылысу ауылдық округінде Әл Фараби елді мекенінде 200 орындық мектеп құрылысы басталып, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, Баққоныс елді мекеніндегі Жангельдин жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысын жүргізу үшін жайы белгіленіп АПЗ-сы жасалуда. Сондай-ақ, Байқоныс, Әл-Фараби, Сейфуллин елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасақталып, жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өту барысында құрлыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарлануда.

Ынтымақ ауылдық округінде 2017 жылы 2 топырақты көшеге тас төселген. Үшкөпір елді мекеніндегі Ақкөл көшесіне, Ақниет елді мекеніндегі Абай көшесіне, Өркенді елді мекеніндегі С.Абдрахманов, Қ.Шалатаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Үшкөпір, Талапты елді мекендеріндегі ауыз су құбырлары ауыстырылған. Көрікті елді мекеніне жаңа ауыз су мұнарасы орнатылған. Ал, округтегі 8 елді мекен газдандырылған болса, үстіміздегі жылы Ағынсай елді мекенін газдандыруға қаржы бөлініп, екі көшеге табиғи газ құбырлары тартылған және қазіргі таңда 51 тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде екен.

2017 жылы округке қарасты Әден ата елді мекеніндегі Достық көшесіне, Үшкөпір елді мекеніндегі Қауыншы, Қауыншы тұйық №1,2 көшелеріне, Нұр елді мекеніндегі Жаңа құрылыс №1, 2 көшелеріне, Талапты елді мекеніндегі Бейбарыс көшесіне, Ақниет елді мекеніндегі Аққұдық, Көктал, Игілік, Ақши, Жаңа құрылыс №1,2 көшелеріне, Көрікті елді мекеніндегі Егіндік, Жаңатуған, Жезбике ана көшелеріне, Өркенді елді мекеніндегі Қарабура, Аймауытов тұйық, Абилов көшелеріне 9 дана трансформаторлар мен ВЛ-0,4 ВЛ-10 электр желілері мен бағаналары орнатылған.

Асықата кентінде былтыр И.Абдиров көшесіне, Алтынсарин көшесіне орта жөндеу жүргізіліп, асфальт төселсе, Достық көшесіне тас төгілген. Орталық Әль-Фараби көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жобаға сәйкес Әль-Фараби көшесінің екі бетіне аяқжол салынған, ал автокөлік кептелісін болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдың екі бетіне декоративті қоршаулар жасалған.

Кент бойынша көпқабатты 5 үйге жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жарықтандыру бойынша кенттегі орталық көшелердегі істен шығып қалған 115 шам ауыстырылған. Ал, ауыз сумен қамту мәселесі кентте толығымен шешілген. Көгалдандыру және санитарлық тазалық жөніндегі Мақтарал ауданы әкімдігінің қаулысын жүзеге асыру бойынша, Асықата кент әкімі аппаратында іс – шара жоспары түзіліп, әрбір мөлтек аудандарға аппарат қызметкерлері бекітілген. Кент бойыншы санитарлық тазалау жұмыстарын тұрғындармен келісім-шарт бойынша «Багара-Айна» ЖШС-і жүргізуде және көше бойларын қоқыстан тазалау бойынша «Мейірбек ата» ЖШС-і бюджет есебінен 1620 м3 күл-қоқыс шығарған.

Абай ауылдық округіне қарасты Бейбітшілк елді мекеніндегі Ғ. Мүсірепов көшесі, Алтын кемер елді мекеніндегі Қазақстанның 40 жылдығы көшесі орта жөндеуден өтсе, Алтын кемер елді мекеніндегі Қ. Аманжолов көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Халықтар достығы, Бейбітшілік, Жүзімдік елді мекендеріндегі ауызсу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Ал, Жүзімдік, Бейбітшілік, Отан елді мекендерінде жоғары қысымды газ өткізгішінің құрылысы жүргізілген.

Ж.Ералиев ауылдық округінде де қыруар жұмыстар атқарылған. Округке қарасты Бәйтерек елді мекенінде жеке кәсіпкер Т.Қырықбаевтың демеушілігімен «Әл-Жәлиил» мешіті ашылған. Арай елді мекеніндегі Жібек-жолы көшесіне, Абай елді мекеніндегі Ырысты көшесіне асфальт төселген. Сондай-ақ, Абай елді мекеніндегі Бақша көшесіне, Көктөбе елді мекеніндегі Алмалы, Қызғалдақ көшелеріне, А.Әлімбетов елді мекеніндегі Достық көшесіне, С.Сейфуллин елді мекеніндегі Достық көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Дихан, Жаңадәуір, Жетіқазына елді мекендеріне ауыз су құбырлары тартылып, ауыз су мұнарасы мен су есептегіш құралдары орнатылған.

Жалпы, 3 кент, 15 ауылдық округтің тұрғындарына есеп беріп үлгерген аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер баршылық екенін айтты. Алдағы уақытта Жетісай қаласы мен қалған 5 ауылдық округтің тұрғындарына беретін есебі кесте бойынша келесі аптада жүзеге асады. Сондай-ақ, сәрсенбінің сәтті күнінде аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында жалпы қорытынды есебі өтеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *