Басты бет > Мәдениет > Мақтарал ауданы: «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциялары өтті

Мақтарал ауданы: «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциялары өтті

41
views

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай онкүндік өткізу мақсатында Мақтарал ауданының қала, кент, ауылдық округтерінде «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциялары өтті.

Жетісай қаласында басталған акцияда аз қамтамасыз етілген 10 отбасыға азық-түлік таратылды. Акция Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде жалғасын тауып, кәсіпкерлер Нұрлан Ділдәбеков 13 отбасына, Гүлайым Абуова 5 отбасына, Гүлзина Абдуалиева 3 отбасына, Мұғалбек Өмірбеков 2 отбасына және Жақсыбай Алтынбеков 2 отбасына азық-түлік таратып, өздерінің көмектерін көрсетті. Сондай-ақ, қайырымдылық акцияның қорапшасына түскен қаржыға оқуға керекті заттар алынып, мүмкіндігі шектеулі балаларға таратылды.

Қазыбек би, Жылысу, А.Қалыбеков, Ынтымақ ауылдық округтерінде де қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, іс-шара барысында кәсіпкерлер тарапынан округ көлемінде тұратын мүгедектерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Мақтарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Асықата кентінде аз қамтамасыз етілген 70 отбасыға ұн, май, макарон азық-түліктері таратылып, кәсіпкерлер Нысанбек Жарасбеков пен Мейрамбек Жарасбековтар халықтың алғысына бөленді.

«1 наурыз — «Алғыс айту» күніне орай кеше «Тариқха тағзым» күнін атап өтсек, бүгін «Қайырымдылық» күнін өткізіп, «Жан жылуы» атты акцияны бүкіл 1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округте ұйымдстырудамыз. Ең алдымен, бұл іс-шара халықты мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырса, түрлі этнос өкілдерін, әртүрлі таптағы адамдардың қарым-қатынасын жақсартады. Біздің бір қоғамда өмір сүріп жатқанымызды, бір-бірімізге көмек беріп, жиі қол ұшын созып отыру керектігімізді еске салады. Мәселен, депортация жылдары ата-бабалары Қазақстанға қоныс аударып, кейіннен осында туып, осында өніп-өскен ауқатты тәжік ұлтының өкілі әлеуметтік жағдайы төмен қазақ отбасына құны 300 мың теңгеден астам қаржылай көмек және балаларға киім-кешек, велосипед алып бермекші. Міне, бұл өзге ұлт өкілдерінің қиын шақта құшағын ашып, қонақжайлығын көрсеткен жергілікті қазақ отбасына деген алғысының көрінісі!» — деді аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *