Басты бет > Саясат > МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА 8 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА 8 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, Мақтарал ауданында жаңадан салынған 8 нысан ел игілігіне берілді. Мереке қарсаңында Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінде фельдшерлік акушерлік бекеттері, Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан дәрігерлік амбулаториясы, Жаңа ауыл, А.Қалыбеков ауылдық округтерінде орналасқан фельдшерлік акушерлік пунктердің ленталары қиылса, 16 желтоқсан күні Мақталы және Қарақай ауылдық округтерінің әкімі аппаратының жаңа ғимараттары, сондай-ақ Қарақай ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясы ашылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Мақтарал ауданына жасаған сапарында халықтың өтініш-тілегін тыңдап, мәселені оңтайлы шешуді тиісті сала басшыларына тапсырып, өз бақылауына алатынын айтқан болатын.

Міне, сол мезгілдерден бері жүргізілген құрылыс жұмыстары ең ұлық мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталып ел игілігіне тапсырылып отыр.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

Нысандар ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Ғ.Исмаилов облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтауын жеткізіп, ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттары аз ғана уақыт ішінде тұрғызылғаны және ғимаратты салуда бюджет қаржысы тиімді пайдаланылғаны жөнінде атап өтті. Ал, денсаулық сақтау нысандарын ашу кезінде «Халықтың денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Өйткені, дені сау адам әрқашан еңбекке жарамды болып, мемлекеттің дамуына үлес қосады. Халқымыз “Дені саудың – жаны сау” деп орынды айтқан. Отанымыздың да келешегі, көркеюі азаматтарымыздың денсаулығының жақсы болуында” – екенін айтты.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты “Арай” елді мекенінде орналасқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 234 миллион теңге, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл елді мекеніндегі ФАП-қа 70 миллион, А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат елді мекеніндегі ФАП-қа 65 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Сонымен қатар, Қарақай ауылдық округінде ашылған дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 112 миллион теңге, ал ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарының әрқайсына 30 миллион теңге қаражат кеткен.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

Медициналық нысандарда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет, туберкулезды емдеу бөлмесі сияқты т.б. кабинеттер орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді бұл нысандарда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады.

Медиаон ақпарат

 Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.