Басты бет > Мәдениет > МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

20
views

Мақтарал ауданында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасының бастау алуымен Мақтарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбекұлы  құттықтап, өңіріміздің киелі, тарихи орындары мен  тұлғаларын дəріптеуге арналған фильмдері ауданға қарасты 7 мәдениет үйі мен 11 ауылдық клубтарында, сонымен қатар білім ұялары мен балабақшаларда апта бойы көрсетілетінін жеткізді.
Жиын барысында балалар мен аудан тұрғындары облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының идеясымен «САҚ» киностудиясы түсірген «Күш атасы — Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» және Отырар ауданы әкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдерін тамашалады.
Кино апталықтың ашылу салтанатына Мақтарал ауданындағы ардагерлер кеңесі және әжелер алқасының мүшелері, аудандық мәдениет және ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар және ауыл тұрғындары, сонымен қатар,  облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясының өкілдері қатысты.

М.Жұмабайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *