Басты бет > Хабар > Мақтаралдың мақамы мықты!

Мақтаралдың мақамы мықты!

Өңіріміздің әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданында болып қайтты. Онда ол Мақтарал ауданының бір-қатар нысындарымен танысып, аймақтың жетістіктерін саралады.

Ең алдымен, облыс басшысы Асықата кентіндегі “Ақ алтын” мақта зауытына аялдады. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап өтуде. Жылына 60 000 тонна мақта шикізатын дайындап, оны ТМД мемлекеттеріне экспоррттайтын зауытта 265 адам жұмыспен қамтылған. Өңірдегі тұқымдық шиттiң 70-80 пайызын дәл осы кәсіпорын дайындайды. Кор –

порация иелiгiндегi 400 гектар жерге мақта, жүгерi, жоңышқа, тағы да басқа дақылдар егiлген, сондай-ақ, кәсіпорынға қарасты тауарлы-сүт фермасында 200 асыл тұқымды iрi қара мал өсiріледі. Айта кетейік, жұмысшылардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмiр сүрулерiне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында 50 жыл ішінде 100-ге тарта тұрғын үй салынған. Сонымен қатар, кәсіпорынның демеушілігімен 140 орынды балабақша бой көтердi. Қазiргi кезде Асықата кентіндегі «Зауыт» мөлтек ауданында 220-дан астам отбасы тұрады. Газ, ауыз су, жол т.б. коммуналдық мәселелер толық шешiлген.

 

Облыстың әкімі Ж.Түймебаев дәл осы Асықата кентіндегі “Ақ алтын береке” сүт өнімдерінің цехында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуде. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған.

Аймақ басшысы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі “Бірлік” елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылды. Мұнда ауыл жастары бір уақытта спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлерімен айналыса алады. 150 адамдық көрермендер орнымен, киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған нысанға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өткен болатын. Бұдан бөлек, А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасын қатаң қолға алған кәсіпкер аз уақыттың ішінде “Бірлік” ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып берген.

ОҚО әкімі аялдаған келесі нысан – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты “Ә.Оспанов” елді мекеніндегі тік дренаж. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж “ЭЦВ-12-210-15” атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық меншікте. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Жалпы, Мақтарал ауданында тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.

Мұнан соң, облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі “Жарқын” шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 92,2 гектар жерді жаратып жатқан қожалық 12 адамды жұмыспен қамтыған. Орташа жалақылары 47 000 теңге. 2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылы егілген. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі “Бағдат” шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адам жұмыспен қамтылған және 30-ға жуық техникалары бар. Осылардың арқасында биыл мол өнім алып отыр.

Өңір басшысының соңғы танысқан жобасы – Атакент кентіндегі “Қазақ мақта шаруашылығы” ғылыми зертету институты. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті. Мақтаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі 5-6 ц/га жоғары сорттары шығарылды. Олардың 7-еуі (ПА-3044, Мақтаарал-4005, ПА-3031, Береке-07, Мақтаарал-4007, Мақтаарал-4011, Мырзашөл-80) аудандастырылды. Өндіріске отандық 5 мақта сорты енгізілді. Институт ғалымдары әзірлеген мақта қозасын баптаудың қарқынды технологиясы 58,3 мың гектар мақталық егіс көлемінде енгізілді. Сондай-ақ, топырақты 55-60 см терең қопсыту технологиясы 57,0 мың гектар ендірілді.

Ж.Түймебаевқа Мақтарал ауданының индустриялды аймағында іске асып жатқан жобалар туралы аудан әкімі Ғ.Исмаилов таныстырып өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы іске қосылған “Береке” мақта зауыты, келер жылы іске қосылатын салы өңдеу зауыты, асфальт

 бетон зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары мыңдаған мақтаралдықтарды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған тігін цехтары, мал бордақылау алаңдары, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін “KADI” компаниясының жобалары, гибридтік электр стансасын салу жобалары т.б. жобалардың іске асу барысы туралы аудан басшысы баяндады.

«Мақтарал ауданының облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі орасан. Осы ретте диқандар мен шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау білдіріліп отырғанын айта кетуге тиіспіз. Облысымыздағы шаруа қожалықтары кооператив боп бірігіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымының қаржылай қолдауына ие болып, табыстарын еселеуге мүмкіндік алды», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Медиаон ақпарат

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.