Басты бет > Білім > МАҚТАРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

МАҚТАРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

Оқушылар арасындағы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі орын алған оқушыларды аудан әкімі Ғ.Исмаилов марапаттады. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Төребеков және ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

“Құрметті ұстаздар! Оқушылар қауымы және ата-аналар! Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде Мақтарал ауданының атынан барған 47 оқушының 23-і жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды алып, мақталы өлкенің атын асқақтатып отыр. Әрине, бұл ұстаздар қауымының еткен еңбегі мен төккен терінің арқасы. Сондай-ақ, өз балаларын қолдап, оларға үлкен көңіл бөліп, мектеп ұжымымен үнемі тығыз қарым-қатынаста болған ата-аналардың да еңбегі зор. Біз оқушыларымыздың жетістіктеріне қатты қуанып отырмыз!” – деп ізгі тілегін білдірген аудан әкімі Ғ.Исмаилов жеңімпаз оқушылардың облыстан алып келген марапаттарын табыстады.

Айта кетейік, марапаттау рәсімінде аудан әкімдігінің атынан ұстаздар қауымы мен ата-аналарға да алғыс хаттар табыс етілді.

Медиаон ақпарат

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.