Басты бет > Саясат > МАҚТАРАЛДЫҚТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫНА ӨТУ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МАҚТАРАЛДЫҚТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫНА ӨТУ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ауданда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына өту барысы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен көмек алушылармен жүргізілетін жұмыстар жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов және қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің орынбасарлары, әлеуметтік салаға жауапты мамандар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде құрылған комиссия төрағалары т.б. мамандар қатысты.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әбжанов жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, биылдан бастап Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі – атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастайды екен.

“Жаңа бағдарламаның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс күтілуде. Бұл маңызды тапсырма жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жүктелген. Мемлекеттік көмекті алуға мұқтаж және жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша ақпарат және консультация алғысы келетін азаматтардың негізгі бөлігі жұмыспен қамту орталығына жүгінетін болады. Сондықтан, ел халқының әлеуметтік қолдаудың жаңа бағдарламасына оң көзқарасының қалыптасуы едәуір дәрежеде сіздерге байланысты” – деді Ә.Әбжанов.

Айта кетейік, қиын өмірлік жағдайға тап болған адам мемлекеттің оны қиындықтар мен бақытсыздыққа жалғыз тастамайтынын білуі тиіс. Мемлекет оның жаңа өмірлік деңгейге шығуына жәрдемдесетін көмектің жаңа түрін ұсынып отыр. Қиындыққа тап болған тұрғын жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті алудың жолдарын дұрыс түсініп, санасына қабылдауы үшін мемлекеттің өкілі болып саналатын жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері оған толық ақпарат беріп қана қоймай, бүкіл маңызды сұрақтарға жауап беруге міндетті. Бұл туралы жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша оқу-әдістемелік құралдың ең бірінші бетінде жазылған.

Медиаон ақпарат

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.