Басты бет > Саясат > МАҚТАРАЛДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ НАСИХАТТАҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

МАҚТАРАЛДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ НАСИХАТТАҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова қазақтың ұлттық спорты саналатын көкпардың дамуына үлес қосып жүрген көкпаршылар мен олардың жаттықтырушыларына, атбегілерге аудан әкімінің марапатын табыстады.

Алғыс хатта: “Қазақтың ұлттық спорты көкпарды өскелең ұрпаққа насихаттауда және ойындардың дамуына белсенділік танытқаныңыз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта ауданда қазақтың ұлттық спортының дамуына күш-жігеріңізді жұмсайтыныңызға және шәкірт тәрбиелеуде жоғары деңгейге жетуіңізге тілектеспін. Деніңізге саулық, ұзақ өмір, отбасыңызға амандық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!” – деп жазған аудан әкімі Ғ.Исмаилов.

Көкпар бойынша Мақтарал ауданының жастар құрамасы облыста 3 рет чемпион болса, ересектер құрамасы 2 рет күміс, 1 рет қола жүлдегер атаныпты. Ал, аудан әкімі Ғ.Исмаилов ауданда ұлттық спортымыз саналатын көкпар ойынын өткізуге арналған ипподром салынатыны туралы жоспар бар екенін бұған дейін мәлімдеген болатын.

Көкпар – ұлттық спорттық ойын, бұл ойында спортшының ептілігі, күші, батылдығы сыналады. Қазіргі таңда көкпар ойыны Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде кеңінен таралған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия елдері көне ойындарды жандандыруды қолға алды. Нәтижесінде, Халықаралық спорт федерациясы құрылып, еліміздің аймақтары ғана емес, сонымен қатар Қытай, Пәкістан, Түркия және Францияның өкілдері федерацияның мүшесі атанды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.