Басты бет > Білім > МАҚТАРАЛДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖАППАЙ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

МАҚТАРАЛДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖАППАЙ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Мақтарал ауданында “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жаппай оқу курстары басталды. Осылайша Иитернет және мобильді гаджеттердің мүмкіндіктері, онлайн режимінде тауарларды сатып алу немесе сату, мемлекетік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды, мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, өз жұмысында пайдалануды аудан тұрғындары тегін үйрене алады.

Аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев “Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша” іс-шара жоспарын бекітіп берген болатын. Жоспар бойынша әрбір қала, кент, ауылдық округтердің тұрғындары курсқа қатысып, компьютерлік сауаттылығын арттыра алады. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар оқу курстарына үйден шықпай-ақ тіркелу үшін Мақтарал ауданы әкімдігінің ресми сайтында жеке айдар ашылған. Ниет білдірген азаматтар айдарға кіріп, сұратылған ақпараттарды толтыра отырып, өз өтінімдерін тіркей алады.

Оқу курстарының алғашқы күнінде-ақ аудан бойынша оқыту жүргізу үшін 28 тәлімгер облыста әзірленіп, 140 тыңдаушы оқыды. Ол үшін “Ұлттық Ақпараттық Технологиялар” АҚ ОҚО технологиялар орталығының маманы Бармағанбетов Ерқұлан “Open-gov” дағдылары бойынша, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы ХҚКО Мақтарал ауданының Жетісай қаласы бойынша бөлімінің қызметкерлері Жанаев Нұрбол, Нұрлыбек Әлібек “Е-gov” дағдылары бойынша, Мақтарал аудандық пошта байланыс торабы мекемесінің маманы Азимов Арман “Е-коммерция” дағдылары бойынша дәрістер өтті.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында базалық курстар бойынша 1350 адамды, “E-GOV” дағдылары бойынша 800 адам, “OPEN GOV” дағдылары бойынша 800 адамды, “Е-коммерция” дағдылары бойынша 800 адамды тегін оқыту жоспарланып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.