Басты бет > Хабар > МАҚТАРАЛДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

МАҚТАРАЛДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

19
views

Мақтарал ауданында көктемгі егіс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Қазірге дейін аудан бойынша 137959,6 гектар егістік алқаптың 11425,0 гектары тырмаланып, 7327,0 гектары чизельденді. Ылғал жабу жұмыстары тиянақты атқарылып, қажетті техника, құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген. Диқандар ауа-райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалана отырып 997,1 гектарға жаңа жоңышқа, 931 гектарға ерте пісетін көкөніс, 855,5 гектарға қырыққабат дақылын екті. Көктемгі егіске ерте бастан қамданған бақша өсірушілер 1723 гектарға қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Үлбір астына егілген бақша дақылын ертерек өсіріп, одан мол өнім алуды мақсат еткен диқандар агротехника талаптарын мұқият сақтауға күш салуда.

Егістік алқаптарды тырмалау, чизельдеу жұмыстары Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдық округтерінде жоғары қарқынмен жүргізілуде. Достық, Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің диқандары жаңа жоңышқа, қарбыз егуде алда келеді. Ерте көкөніс өсіруде, оның ішінде қырыққабат егу бойынша Атамекен, Мақтаарал ауылдық округтерінің диқандары көш бастауда. Әрбір ауыл округтерінде жұмысшы бригадалары құрылып, олар диқандармен келісіп, жалдамалы негізде жұмыс істеп келеді. Еңбекақысы өзара келісім бойынша, нақты қолма-қол төленуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жаңа жоңышқа егіс көлемі 140 гектарға, қырыққабат 131,8 гектарға, қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артып отыр. Бұл диқандардың көкөніс, бақша, мал азықтанатын дақылдарды көбейтуге ерекше ынталы екенін байқатады және экономикалық тиімділігіне байланысты егістікті әртараптандырудың да пайдасы орасан зор. Күннің күрт жылуына байланысты соры шайылған алқаптар дегдіп, тырмалау, ылғал жабу жұмыстары мақталы өлкеде осылайша қызу қарқын алды. Негізгі дақылы «ақ алтын» болып саналатын мақтаралдық шаруалар жерге мақта шитін себуге де дайындықтарын жасауда. Тұқымдық шит жетіспеушілігі мәселесін болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен құрылған жұмысшы топ 3000 тоннаға жуық тұқымдық шитті дайындаған және бұл көктемгі егіс маусымын толықтай қамтамасыз етеді деп күтілуде. Ауданда субсидияланатын минералды тыңайтқыштарды алу үшін осы жылғы 1 наурыздан бастап egov.kz порталы арқылы диқандардан электрондық цифрлық қолтаңбасымен өтінімдер қабылданып жатыр. Тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесіне ауыл әкімдері үлкен жауапкершілікпен қарап, өтінім тапсыруды жеделдетуі тиіс.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *