Басты бет > Хабар > Мақтааралда су тапшылығы жойылды

Мақтааралда су тапшылығы жойылды

Фото Оңтүстік Қазақстан Облысының Әкімдігі Акимат Южно-Казахстанской области.

Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін аймаққа айналдырған «Достық» каналының арнасынан биыл су кеткен жоқ. Бастауын Өзбекстаннан алатын каналдан келетін су бұған дейін жаз ортасында мақтаралдық диқандарға жетпей, шаруалар шаш етектен шығынға батып, төккен терлері текке кететін. Мақтаарал ауданында 136 мың гектар суармалы жер бар. Биыл ақ алтын алқабының көлемі біршама ұлғайтылып 94 мың гектар жерге мақта егілген. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов жылдың басында журналистерге берген брифингте “Мақтааралда биыл су тапшылығы болмайды!” деп мәлімдеме жасаған еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.