Басты бет > Саясат > #Масканы_сау_адам_кию_керек_пе_әлде #науқас_па?

#Масканы_сау_адам_кию_керек_пе_әлде #науқас_па?

(Кейбір адамдардың сауатсыздығы маған осы мақаланы жазуға себеп болды)

Қандай маскалар бар, олардың қайсысын кию тиімді, қандайын кимеу керек?!
Одан басқа індеттен қорғану амалдары бар ма, әлде сол жеткілікті ме?

Мен қызметкерлердің тыныс жолдарын қорғау құралдарын шығаратын, 100 жылдық тарихы бар компанияда қызмет етемін. Біз қызмет ұсынатын қызметкерлер: өрт сөндірушілер, дәрігерлер, мұнай мен көмір өндіру кәсіпорындарының мамандары т.б.

Енді тәж-вирус пен оның таралу аумағы және қандай маскалар оны сүзгілей алады, қайсысының мүмкіндігі аз, сол туралы айтсақ. (Вирустың ең орташа көлемі 0,1микронмен өлшенеді)

Тәж-вирустың ең үлкені 7 микрон. Біз алдымен, оның көлемін білген соң, енді, оны ұстап тұра алатын респираторлар туралы да айта аламыз. Олар:
* вирусты толық сүзгілей алатын;
* жартылай сүзгілейтін.(Ол кезде вирустар ауада, ылғалда, адамның сілекейінде қалып қояды.)

* Ең ірісі — #PAPR. ( POWERED AIR- PURIFYING RESPIRATOR) Бұл құрылғы ауадағы таксинді газды, вирустар мен бактерияларды да сүзгілейді. Оның электрлі моторы керек қысымды ұстап тұрып, өкпеге ең таза ауаны жеткізе алады.

* Келесісі, ауыстыратын картриджі бар, бетті тұтас жауып тұратын маска.
* Бетті тұтас жаппайтын (көз ашық қалады), бірақ, көзәйнек кию қажет ететін түрі. (HALF-MASK-RESPIRATOR)

Енді тәж-вируспен күресте қорғанудың түрлеріне тоқталайық:

Қорғанудың ең үлкен деңгейі, әрі тәж-вирусты толық сүзгілеп шыға алатын түрі — #FFP3. Осы түрін ғана клиникаларда қолдануға болады. Кейбір елдерде індеттің жайылып кетуінен бұл респиратор-құрылғыны жеке тұлғаларға сатуға тиым салынды. Кейбір респиратор жасаушы компаниялар #FFP3 -ті қысқартып #P3 деп те атап жүр. Қалай атаса да, екеуі бір зат. Бұлар — ең жоғары сапада қорғай алатын респираторлар. Ары қарай, қорғаныс деңгейі төмендеу #FFP2 (орта деңгей)және #FFP1(төмен деңгей). Бұлар вирустарды өткізіп алады. Бірақ, қанша көлемде? #FFP1 — өте көп өткізеді. Біз білетініміздей, тәж- вирус дененің бөлшектеріне жабысады. Мына құралдар оны ұстап, сүзгілей алады. Сондықтан бұларды киіп жүрсеңіз, індет жұқтырмау мүмкіндігіңіз өте жоғары. #FFP3 — сатылымға шықпайтындықтан, сіз үшін таңдау болса, #FFP2 — ні таңдағаныңыз дұрыс.

Қазір дәріханаларда #PM 2.5 деген респиратор бар. Бұны #P 2 -мен шатастырмаңыз. Олардың атауларындағы сандар сүзгілеп шығу керек микрондардың бөлшегін көрсетіп тұр. Жоғарыда айтқандай вирустың көлемін 0,1 микронмен өлшеу не үшін екенін енді түсінген боларсыздар.

Келесі респиратор #N95 — АҚШ-тың клиникалары қолданады. Оның сүзгілеу мүмкіндігі 0,3 микрон. Мұны #FFP2 мен #FFP3 тің ортасындағы респиратор деп бағалауға болады. (өте жақсы, бірақ идеалды емес)
Ендігісі, бәріміз жақсы білетін, көз таныс 3 қабатты хирургиялық маска. Оны түкке тұрмайды деуге болмайды. Қолда басқа маска болмаған жағдайда, оның да адам өмірін құтқара алатындығын бағалауымыз керек.

Эдинбург университетінің ғалымдары вирустың 0, 007 микрон көлемді бөлігін сүзгілеуде әр түрлі маскаларды салыстырады. Солардың арасында таң қаларлығы, осы хирургиялық маска 80% ұстап қалған екен. Сондықтан сізге «ол маска түкке тұрмайды, пайдасы жоқ» десе, сол ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесін айтыңыз. Керек десеңіз, ең қарапайым матадан, сұрыптан тігілген маскалар да вирустың 28% бөлшегін ұстап қалуға қауқарлы. Осы себепті ешкімді тыңдамай, өзіңізді, отбасыңызды масканың кез келген қолжетімді түрімен қорғаңыз.

Енді мына сұрақтардың:
а) масканы қанша уақыт кию керек;
б) оларды қайта пайдалануға бола ма?;
в) оларды жууға, залалсыздандыруға бола ма?
Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік:

а) #FFP1- #FFP3 респираторларының әсері 4-6 сағатқа есептелген. Ең көп қолданғанда 8 сағат. Бірақ 6 сағаттан кейін күші азаяды. 3 қабатты хирургиялық маска вирус жұқтырған адам кигенде 2 сағат қана қорғайды. Екі сағаттан соң шешіп, қоқысқа тастау керек.
б) #FFP1- #FFP3 респираторларын қайта киюге болады. Бірақ, індет жағдайында қайта кию мүмкін емес. Шешіп тастап, жойып жіберу керек. Ал, хирургиялық маскалар өзі бір қолданыс үшін ғана жасалған. Жаңасын киесіз.
в) кейбір маскалардың түрін жуып, қайта киюге болмай ма деп сұрап жатады. Ол маскалар электрлі-статикалық ұстаныммен жасалған. Ол сүзгіш қана емес , вирусты тартып алатын магнитті қасиетке ие. Сондықтан оны жуып киюге болмайды.
Енді, стерилдеу, яғни залалсыздандыру туралы: біз жаңа респираторға су тисе әсерін жоғалтатынын білдік. Масканы киіп, тыныс алғанда оны дымқылдаймыз. Сондықтан стерилдеудің де пайдасы жоқ.

Сөз соңында: егер сізді вирус жұқтырған науқас жатқан палатаға жіберіп: » маска кию керек пе, әлде пайдасы жоқ па?» десе, жауабыңызды дайындай беріңіз.
Қалыпты жағдайда да дәрігерлер неге маска киіп жүретінін ойланыңыз.

Автор: Александр Сарто. Golbis.com.
Аударған Ә. Толысбаева лсв