Басты бет > Білім > Көп тілеуі көл! Тілшіміз Сағындық Жанысбаев облыс әкімінің премиясын алды!

Көп тілеуі көл! Тілшіміз Сағындық Жанысбаев облыс әкімінің премиясын алды!

Өздеріңізге белгілі алдында жариялаған мәліметтерімізге сәйкес, журналистіміз Сағындық Жанысбаев “Үздік жас журналист” номинациясымен сынға түскен болатын, бірақ байқау барысында “Үздік жас блогер” номинациясына қатысуды жөн көрдік. Себебі біздің жас журналистіміз облыстың үздік жас журналисті атағына таласуын орынсыз деп санадық!  Республикалық “Үркер – 2017” журналистер байқауында үздік Қазақстанның жас 5 журналистті қатарына енген болатын. Яғни еліміздің жас үздік журналистті атағы біздің тілішіміздің қоржынында.

Бүгін ОҚО әкімінің “Үздік жастар премиясы” жастар саясаты мәселелері жөнінідегі басқармасының ұйытқы болуымен аталмыш “Үздік жастар премиясы” облысымыздың талантты 20 жасына табысталды. Оның қатарында біздің тілшіміз Сағындық Жанысбаев “Үздік жас блогер” номинациясын иемденіп әкім мырзаның 45 000 теңгесін қанжығаға байлады. Мұндағы мақсат Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру болып табылады. Мәселе сыйлықта емес, жастарды осылай қолдап жыл сайын үздіксіз өткізіліп тұруында деп ойлаймын. Осы басқарманың басшысы жаста болса, бас бола біліп, ізеттілігімен, тәрбиелілігімен, білімділігімен көзге көрініп жүрген ашық, көңілі жарқын Балмаржан Нарбековаға жеке алғысымды айтқым келеді. Кешелі бері, тақымымды қысып, шәкіртімнің бет алысын байқап, әлеуметтік желілерде жариялап, жұртшылықтың пікірін білумен болдым. Нәтижиесінде жаңылысқан жоқпын, көптеген адамдар өз ойларын айтып, сәттілік тіледі. Сағындығымының алар асуы бұдан да жоғары болатынына сенімдімін. Себебі өте талантты, өте білгір, өз ісіне жауапты. Мені айтқызбай барлық тірліктерді өзі жасап, әпке болды, мінекей міне, деп жымыятыны жанымды жадыратады. Осындай елім деп туған – ержүректі азаматтарымыз көбейе берсін. Не бәрі 19 жасында облыс әкімнің өзінен сыйлық алуы, оның журналистикада 4 жыл бекер жүрмегендігінің дәлелі. Оған осы уақытқа дейін білім берген барлық ұстаздарына, “Мирас” колледжі ұжымына, рахмет. Менің ұстаханамда жүрген осы қаршадай баланың белі бекем, білімі нағыз мамандыкі десем артық айтпағандығым. Назар салып, қуанышымызға ортақ болғандарыңызға патша көңілді оқырмандарымызға алғысымды жеткіземін.  

 

Малика Абдалиева

“Медиа ON” ақпараттық агенттігінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.