Басты бет > Саясат > Күлтөбенің басында күнде  жиын емес, бүгінгі жиынның  ерекшелігін айтпасам, сөздің атасы өлер!  

Күлтөбенің басында күнде  жиын емес, бүгінгі жиынның  ерекшелігін айтпасам, сөздің атасы өлер!  

64
views
     Не шықса да, Шымкенттен шығады деп, ақпаратының тасқыны қатты, ағысқа қарсы жүзетін, «айтқышбектер» мен «жазғышбектер» бізде!  Əзіл-шынын араластырып айтқанда сынды да , шынды да құдай төбесінен «ұрғандай» жазғанды əдетке, əдет емес-ау əдіске айн

Абай Балажан

алдырып алдық!  Игі , ізгі  ізденістер жоқтың қасы! Қазақтың əрбір мақалында, мəтелінде , тұспалдап айтқан əрбір астарлы ойы мен пікірде тұнып тұрған философия бар! Сөзге тоқтаған, халықпыз!  Ал орта — сөз қадірін түсінетін əріптестер десек , журналистер ағасы,  семинар  спикері  Абай Балажан  ағамыздың  «сойып салған» əңгімесінен-ақ (доклад)  семинарды бітіре салуға болар еді! Қарапайым тілмен арды, ұятты, азаматтық позицияны  жоғары қойып, жалаң сөзбен жалаулатып жүрген әріптестерді, газет ,сайт, тіпті телевидениялар мəдениетін «осы маған керек» деген кісіге.

    Түсіндіріп, шегелеп берді. Іштей ризашылық танытқан əріптестер үнсіз мақұлдастық дер едім.  Аты — айтып тұрғандай құқықтық салаға семинардың басым уақытын бөлдік. Сот жүйесін тыңдап, «іш тартып» қалғанымды жасырып қайтейін Өзіндік азабы ауыртпалығы бар журналистиканың да, заман талабына сай сөз бостандығы, зайырлы құқықтық мемлекеттегі  орны бар десек те,  кейде, сот алдынан бірақ шығатынымыз өтірік емес!  «Арқалы ақын» деген сөз бар осы қазақта. Қалай айтса да кешіріліп, атын мініп, шапанын жауып құрметін асырып жатамыз. Ал халықтың сөзін билікке, биліктің сөзін елге жеткізіп,  арыз шағымды зерттеп, тынымсыз еңбек пен ізденіспен келген дүниеңнің сот билігінің қарауында жатқанына арасында ашудың келетіні рас. Мысалды

Өз басымнан өтіп жатқан оқиғадан келтірсем, біраз көсілейін деп тұрмын…
Естуін есіттім -ау, жазғаныма ауырлық етіп тұрған заң талаптары жөніндегі баяндама спикері мықты дайындықпен келіпті. Жазуыңды қисық, жазып қалма, тәртіптік жаза мен матералдық шығынға батуың мүмкін! Əңгіменің осы тұсы желі қолданушыларға да тиесілі . Ар намысқа тиер сөздер мен , жалған ақпараттан абай болсақ, ол ғимараттың босағасынан аттап, қазылар алдында иіліп тұрудан сақтаулы екеніміз жəй айтылды енді! Түпқазығын елге адал қызметке бағыттаған , арзан сөзге байланбайтын əріптестер қатары.

    Біздің Оңтүстікте шүкіршілік жетеді. Енді оған 18миллион халықтың , 3,5 миллион  желі қолданушысы  болса , осының басым бөлігі тағы біздің өңір сияқты! Блогер мен журналисті бөліп қарамалық деп Қазақстан журналистер одағының біздің облыстағы филиал  төрайымы Айгуль Жарылқасынқызы əдемі айтты! Көп жаңалықты алдымен блогерлер, сосын сайттар, арысында біздер жазамыз. Тағы да сауаттылық пен ақпарат шынайылығын  ескеру шарт.
Айгүл Жарылқасынқызы 
Бұл семинардың өтуіне де əлеуметтік желілерлегі жоқты бар, барды  нар,  шынайылыққа көз жеткізбей  атүсті жазылатын посттар мен сайт мақалалары себеп болғаны көрініп тұр!
Дамир Дәулетұлы

Оңтүстік Қазақстан ішкі саясат басқармасынан баяндама жасаған Дамир  Дəулетұлы   жалпы бүгінгі таңдағы облыс блогерлері мен журналисттерге өзіндік баға беріп, жарияланған  байқауға қатысуды шығармашылық  мүмкіншілікті жіберіп алмауды, мемлекет мүддесіне қызмет етуге, сондай-ақ байқау жеңімпаздарына  қомақты қаржы барын айтып, семинардың орынды тұстарын айшықтап өтті.

      Əңгіме, пікір барысын бақылап тұшымды пікір мен ұтымды тұстарына өз ойын ашық білдірген баспасөз хатшысы  Бейсен Тәжібаев мырзаға да тыңдаушы тарап əрбір сөзіне  әріптестік  ықлас танытты.
Фото Әсета Әссанди.
Бейсен Тәжібаев
Бірінен де, ОҚОІІД  келген спикер Салтанат Қаракөзованың тілші,  блогерлердің жарыса жазатын əр оқиғаның артында бір жанұяның трагедиясы тұратынын қиналыспен жеткізді. Елдің ертеңі бала болашағына алаңдайтынын, соңғы кездері орын алып жатқан оқиғалар орны толмас елдің қасіретіне   айналып отыр деп, қамыққан дауысы залды  үнсіз мойындатты… Елімнің патриотымын деген  астардан  мен де анамын деген сөзді ұқтық! Біз не жазбай жатырмыз???   Құқық қызметкерлері  жөніндегі пікір белгілі ғой….
Салтанат Қаракөзова
     Жалпы семинардың қызықты , сондай-ақ керек кеңеске толы болғаны тыңдаушы елдің соңына дейін отырғанынан бағалауға болады. Байқап сөйлесең басың, ауырмайды, бақылап жазсаң балтырың сыздамайды деп, осы мақалаға нүкте қойдым. Егер бағаласам +5 деген семинар өтті!
«МедиаON» ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы:
Малика Абдалиева
Фотолардың авторы: DIDARBEK.KZ сайтының фото-тілшісі Асхат Әссандиге тиесілі 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *