Басты бет > Мәдениет > «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Арыс қаласында ұйымдастырылды

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Арыс қаласында ұйымдастырылды

Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,  «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Арыс қаласында жалғасын тапты. Оңтүстікте түсірілген  көркем және анимациялық фильмдер апталығы Арыс қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылып , “Ерлік” көркем фильмі және ” Отырарды қорғау”, “Күш атасы-қажымұқан” анимациялық фильмдері көрсетілді.
Аталған шараны Арыс қаласының әкімінің орынбасары Сапар Дәрібай құттықтау сөзбен ашып беріп, өңірімізде түсірілген төл туындылардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы зор екендігін жеткізді. Тарихи туындыларды жасап, көрерменге сапалы жол тартуы мен құнды деректердің бет-бейнесін қаз-қалпында жеткізе білу бірінші кезекте өткен тарихты білумен тікелей байланысты болса, одан кейінгі тұста сценарийлік жоба,  кейіпкерлер бейнесін жасау мен жан бітіру мәселелері де қыруар еңбекті талап етеді. Осы орайда тарихи анимациялық фильмдерді туындату жолында талғампаз көрермен көңілінен шығар еңбек етіп жүрген “Оңтүстікфильм мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбеков, “САҚ” киностудиясының суретші-аниматорлары Бурибеков Оңласын Сейітжаппарұлы мен Сапар Шыңғыс Икрамұлы Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.“Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлының тапсырысымен “Отырарды қорғау”, “Күш атасы-Қажымұқан”, “Киелі Қазығұрт” тарихи анимациялық фильмдері, “Көне жетігеннің сыры” атты 13 сериялы көркем фильм мен “Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар” деректі фильмі, Отырар ауданы әкімдігінің тапсырысымен “Отырар дастаны”, “”Көне құмыраның сыры” анимациялық фильмдері түсіріліп, қазіргі таңда жергілікті телеарналарда көрсетілуде. Сондай-ақ, облысымыздың аудан,қалаларында өтіп жатқан кино апталық да рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған қадам”-дейді, “САҚ” киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев.
Кино апталығының ашылуына Арыс қалалық әкімдік қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері және облыстық, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Фильмдер апталығының мақсаты  – өңірімізде соның ішінде «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің шығармашылық тобы түсірген төл туындыларымызды насихаттау. Сол арқылы өскелең ұрпақты өз елінің батырларын, туған елінің киелі жерлерін, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеп, қастерлеуге шақыру. Сонымен қатар, бірлікке, татулыққа, тақпырлыққа тәрбиелей отырып, жасөспірімдердің туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін ояту, жастардың рухани санасын жаңғыртуға үлес қосу. Мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыта отырып, ауылдық клубтар мен халық арасындағы мәдени байланысты жақсарту.
«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында  «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен (кестеге сәйкес)  облысымыздың аудан, қалаларында Оңтүстікте түсірілген фильмдер апталығы ары қарай жалғасын табады.

М.Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.