Басты бет > Білім > Кешегі ҚР сенат депутаттарымен кездесу ұстаздармен болған бас қосу бір жылы жүздесу болды.

Кешегі ҚР сенат депутаттарымен кездесу ұстаздармен болған бас қосу бір жылы жүздесу болды.

Вице-спикер Бектас Əбдіxанұлы
#65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық мектеп директорлары қатысқан жиында, өз сөзін кешірім сұраудан бастады. «Алты Алаштың басы қосылған жерде, төр мұғалімдікі» мен трибунаның болмауына байланысты отырып сөйлеуге тура келіп тұр, әйтпегенде Сіздердің алдарыңызда біз оқушымыз»-деп Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөздерімен, әдемі қоңыр даусымен сөз бастады. Осы әңгіменің өзі-ақ, жайлы атмосфера орнатып, алқалы топтың бар зейінін аударған вице-спикер әрі қарай мемлекеттегі бар жаңалықты, әлеуметтік саладағы заң өзгерістеріне тоқталды. 2019 жылдың 27-ші желтоқсанында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «педагог мәртебесі» заңының үстіміздегі жылы 11 қаңтарда күшіне енетінін айтып, әр тармағына жіті тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі кездегі ел арасындағы түрлі келеңсіздіктерді айта отырып, ұлттық құндылықтан ажыратамыз, азғындықты қолдаймыз деген жоспар, идеология орын алуда. Ол мемлекетті ыдырату, оны құрту! Ұрпақты қалыптастыру, оларға дұрыс тәрбие беру құрметті ұстаздар Сіздердің қолдарыңызда! Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру,» атты бағдарламасында терең мән берілген. Ұлттық кодты сақтау, елімізге туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әсіресе жастарда ұлттық сана сезімнің жаңа негіздерін қалыптастыруға әрқайсымыз ат салысуымыз керек. Халық баласына білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатырсыздар, өмірдің өзі үлкен сабақ десе, пенденің бәрі сол сабақтан тағлым алатын оқушы деген философиялық көзқараспен жеткізді. Бектас Əбдіxанұлымен болған бұл жүздесуде өзім де үлкен әсерде болдым. Руxани бай адам қайда жүрмесін әрқашан төрден орын алады. Бүгінгі төрдегі орын сенаторлық тұлға емес, өз еліне аянбай қызмет етіп келе жатқан, «іздегені-ізгілік, көздегені-адамдық, жақсылық, пірадар азаматтың бірі-Бектас Əбдіханұлы екеніне күмәнім жоқ.Жүзінен нұр шашылған, аузын ашса жүрегі көрінетін түр келбетінен, нақтылап та, әзілдеп те айтқан сөздерінен ниеті таза қоғам қайраткерін көрдім. Игі мақсаттардың барлығы пәк ниеттің, таза жүректің арқасында орындалатынын ескергеніміз игі еді. Әңгіме арасында жаныңа жақын қаншама қанатты сөздер айтты, өйткені бұл пайымдаулардың берері мол, мағнасы терең, ұғымы анық. Руx биіктігі-ең жоғарғы биіктік! Сенаторлар кездесуінен алғаным, Бектас Əбдіxанұлының әңгімесінен түйіндегенім: жақсы істің, пайдалы дүниелердің бастауы-ең әуелі ниетімізге, адами қасиеттерімізге байланысты. Ниетіміз түзу болса, істің барлығы өз орнымен оңала берері xақ…

МедиаON республикалық сараптамалық ақпараттық, құқықтық агенттігінің директор-бас редакторы Малика Абдалиева.