Басты бет > Саясат > Кешегі Президент жолдауы – еліміз үшін жаңа белес

Кешегі Президент жолдауы – еліміз үшін жаңа белес

Кешегі жолдау, жаңа президентіміздің, жаңа белесі туралы жазғым келді! Оңай көтерер жүк емес, дегенмен өзіміздің мемлекетімізді басқарып отырған өзіндік ерекшелігі мол, су жаңа президентке деген өзімнің көзқарасымды өз тіліммен жеткізсем…
Қасым-Жомарт Кемелұлы билікте жүрген, елбасымен бірге елдің өркендеуі мен Қазақстан атты өршіл кемені байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін алға бастап келеді. Осы жылдарда билік пен даңқ тұғырына көтерілген қиын да қия жолын жіті қарап, әсіресе оның xалықаралық көп қырлы қызметін, дипломатиялық жазбаларын да көп оқиды екенмін.
Бүгінде ТМД елдерінің көпшілігінде бұрынғы басшыларды масқаралап айыптау, мемлекет қайраткерлерінің арын аяққа басып, үстерінен іс қозғап, қаулылар қабылдау әлі жалғасын табуда. Өткенімізді табанға салып таптағаннан не ләззәт алатынын түсінбейтін шығармын! Біз ондайға ұрынбадық! Біздің қазақтың бар болмысы да осы шығар!
Кешегі Президент Жолдауы – еліміз үшін жаңа белес. Биылғы Жолдау ел дамуындағы жақсы істерді еселей түсуге, жаңа заман, жаңа уақыт талабына сай әрекет етуге айқын жол нұсқады.
Байып жатқан елдерді жәйіне қалдырайықшы. Біздің көшемізде де той болады! Жолдау экономикалық реформалардың табысты жылжуын айқындап берді!
P:S Кешегі алқалы жиында сенат депутаты әріптесіміз, құрбым Айгүл Қапбарова отырды. Жаңа парламенттік маусымның ашылуымен құттықтаймын! Президенттің еліміз үшін жаңа серпін беріп, жаңа тұлғаларды жоғары көтеруі тың серпіліс болды! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Дүние тез өркендеп жатыр, қалыс қалмауымыз керек!
Құрметпен: ҚР журналистер одағының мүшесі Малика Абдалиева.