Басты бет > Саясат > КЕНТАУ – КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

КЕНТАУ – КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміні» ММ «Кентау қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры бос лауазымына орналасуға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

«Кентау қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» КММ директорының негізгі функционалдық бағыттары: жас спортшылардың футболмен айналысатын азаматтарын біріктіру, заңдастыру, материалдық базаны күшейтуге көмектесу. Кәсібі және сәйкес нармативті – құқықтық негізде спорттың осы түрлерін бұқаралық дамыту үшін, басқада қажетті жағдайлар жасауы болып табылады.

Лауазымдық міндеттері: ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;оқу-жаттығу және тәрбиелік үрдістерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды; ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спортты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды; жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды; тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін (Жалпы және Ерекше бөлімдері),. Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; педагогика, психология, физиология негіздері; дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын негізге ала отырып, жұмыс жүргізуі тиіс

Біліктілікке қойылатын талаптар: Білімі – Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), құқықтану, экономика мамандықтары. Басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.Кәсіби шеберлігі: басқара білу, жобалау, жоспарлау және персоналдармен жұмыс жасай білу тәжірибесінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

конкурсқа қатысу туралы өтініш;

мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

еркін нысанда жазылған өмірбаян;

білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне немесе кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілік арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.б. ) беруіне болады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды: Конкурсқа он сегіз жасқа толмаған, ҚР заңнамаларына сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен сотталып, өтелмеген мерзімі бар азаматтар қатыса алмайды.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар мұқабаға салынып, тізілген құжаттардың тізімі болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар қажетті құжаттарды конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Кентау», «Кентау шұғыласы» газеттерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға табыс етуге тиіс: Кентау қаласы, Ясауи даңғылы 85-үй, 4-қабат, Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, анықтама алу үшін телефон: 5-91-99 (факс: 3-29-91).

Конкурс өтетін орны: ОҚО, Кентау қаласы, Ясауи даңғылы 85-үй, Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі,

Конкурсқа жіберілген үміткерлермен әңгімелесу Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде ҚР заңнамасына сәйкес өткізіледі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.