Басты бет > Жастар > Кентау жастарының назарына! Тегін грант ұтып алу мүмкіндігі!

Кентау жастарының назарына! Тегін грант ұтып алу мүмкіндігі!

Кентау жастарына!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
«Кәсіпкерлік мектебі» жобасының шеңберінде өткізілетін
«Жас кәсіпкерлер байқауының» Ережесі

1. Жалпы ережелер
1) Жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкерлер байқауы» конкурсы (бұдан әрі Конкурс) Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткізіледі.
2) Жас кәсіпкерлер байқауын өткізу туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, өткізу мерзімдерін, қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібін, жеңімпаздарды марапаттау және конкурстық іріктеу тәртіптері мен критерийлерін белгілейді.
3) Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші – аудан, қалалық кезеңді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу аудан, қалалық әкімдіктеріне, екінші – облыстық кезеңді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасына жүктеледі.

2. Конкурстың мақсаты
1) Конкурстың мақсаты: Отандық өндірісті дамыту, өңір үшін ұсынылған жобалардың маңыздылығын және тиімділігін жариялау, инновациялық қызметті ынталандыру, кәсіпкерлік субъектілер үшін тәжірибе тарату, кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың үлесін ұлғайту, ұсынылған жобалар іске асырылатын елді мекендерде жұмыссыздық деңгейін төмендету.

3. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі
1) «Қызмет көрсету саласындағы үздік жоба»
2) «Үздік инновациялық жоба»
3) «Ауыл шаруашылығында тауар өндіру бойынша үздік жоба»
4) «Ауыл шаруашылығында тауарды өндеу бойынша үздік жоба»
5) «Өндіріс саласындағы үздік жоба»
6) «IT технологиясы саласындағы үздік жоба»

4. Іріктеу критерийлері
Конкурстың белгіленген номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау барысында төмендегідей критерийлер ескеріледі:
– жобада қамтылған өндіріс көлемі;
– жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны;
– салық төлемдерінің көлемі;
– инновациялық технологияларды ендіру және игеру үлесі;
– өңірдің дамуына салатын инвестиция көлемі;
– өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қайырымдылық шараларына қатысуы;
– экспорттау көлемі;
– жергілікті шикізатты пайдалану пайызы.

Конкурстың бірінші, аудан, қалалық кезеңіне әр номинация бойынша 3-тен кем емес үміткер қатысады.
Облыстық кезеңге аудан, қалалық әкімдіктер конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздарын жібереді. Конкурстың бекітілген номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтау ұйымдастырушы тарапынан бекітілген конкурстық комиссияға, жеңімпаздарды марапаттау ұйымдастырушы тарапқа жүктеледі.
Іріктелген жобаларды кәсіпкерлерге ұсыну облыстық кәсіпкерлер палатасына тапсырылады.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздың жобасын іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлік субъект жоба авторына оқу гранты немесе ақшалай сыйлық түрінде сыйақы табыс ету ұсынылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.