Басты бет > Жастар > Келес АУДАНының ӘКІМІ ЖАСТАРҒА ГАЗЕЛЬ «NEXT» АВТОКӨЛІГІН ТАРТУ ЕТТІ

Келес АУДАНының ӘКІМІ ЖАСТАРҒА ГАЗЕЛЬ «NEXT» АВТОКӨЛІГІН ТАРТУ ЕТТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталғалы, әрбір жастың өзіне деген сенімі арта түскені анық. Жастар үшін жасалып жатқан жағдайларды ұтымды және тиімді іске асыру үшін қазіргі таңда ауқымды жұмыстар жасалуда. Осыған орай, Келес ауданында «Жастар жылы: Болашаққа жарқын жол» атты форумы өтті.

Жас болсада ауданда өз орындарын қалыптастырып жүрген жастар форумына Келес ауданның әкімі Ақментай Үсенұлы, Түркістан облыстық жастар орталығы басшысы Береке Талғатұлы және ауданның белгілі азаматтарда қатысты.
Аудан жастарының басын қосқан форум ашық пікір алмасу алаңына айналды. Мұнда, кәсіпкерлікті бастау және еріктілер жұмысын дамыту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар саясатын жетілдіру аясында өзара пікір алмасып, тың ойлар айтылды. Форум барысында аудан активі, жастар ресурстық орталығы өкілдері мен белсенді тараптар сөз алып, белестерді бағындырудағы жетістіктерімен бөлісті. Олардың ішінде, аудан беделін әлемдік жарыстарда асқақтатып жүрген спортшылар мен дертке дауа болған ақ халаттыларда бар.

Медиаон ақпарат