Басты бет > Хабар > КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.ЕСБАЕВ ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМНІҢ ОТБАСЫНДА БОЛЫП, АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ.

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.ЕСБАЕВ ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМНІҢ ОТБАСЫНДА БОЛЫП, АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ.

32
views

Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков және аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев арнайы сыйлықтарын алып, Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінде дүниеге келген үшемнің отбасына арнайы барып,

құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде дүниеге келген үшемдерге денсаулығы мықты болып, халықтың елеулі азаматы болуды тілеп, ата-анасына жылы лебіздерін айтып, әкімдік тарапынан қандай да бір көмек қажет болса көмектесуге дайын екенін жеткізді. Айта кететіні Келес ауданының Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық елді мекені тұрғыны Бақтыбаева Ұлжалғас Абдибекқызы 2018 жылыдың 4 қазан күні, Айберік, Гүлсім және Байсерік есімді азамат, азаматшаларды дүниеге әкелген болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *