Басты бет > Білім > Келес аудандық Білім бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Келес аудандық Білім бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдерінен Келес ауданының прокуратурасына мектеп директорының үстінен шағым түсірген арызы түсіп, қарауға ауданның білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне жіберілген. Аталған арызға сәйкес білім бөлімі тарапынан 2019 жылдың 03 сәуірінде арнайы комиссия құрылып, оған жауапты мамандар бекітілді. Арнайы комиссия мүшелері №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінде зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында, жазбаша түсініктеме сұрау кезінде арыз иелері сенім білдірген адвокатымызға хабарласымыз деп түсінік беруден бас тартты.
Сонымен қатар зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша мектеп директорына заңға сәйкес тәртіптік жаза қолданылды. Ал, арыз иелеріне зерделеу топ мүшелерінен ешқандай қысым көрсетілмеген.
Келес ауданында қазіргі таңда 3 кәсіподақ жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ 7- бабы 2- тармағында көрсетілгендей ҚР әрбір азаматы қалаған кәсiподаққа мүше болу, оған кiру немесе одан шығу құқылы. Ал, №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздарына кәсіподақты таңдау барысында, директор тарапынан ешқандай қысым көрсетілмеген.
Нұрдаулет Ештаев Келес аудандық Абай орталық ауруханасының «Инсульт орталығының» дәрігері:
Жағдайы орташа ауырлықта түскен, қазіргі жағдайы орташа. Өмірге қауіп төндірітен белгілері алдын алынды. Арыз иесінің біздің орталық ауруханада есепте тұрады. Әлеуметтік желіден таралған «Дәрігерлердің айтуыша жағдайы өте ауыр көрінеді» деген жазбаның біздің тараптан айтылмағанын мәлімдеймін.