Басты бет > Саясат > Келесті келелі істер күтіп тұр…

Келесті келелі істер күтіп тұр…

Жаңадан құрылған Келес ауданының әкімі  АБАЙ АУЫЛЫНДА халық алдында жылды қорытындылап есепті кездесуін өткізді. Жиында қара халықтың қарасы көп. Аудан әкімі  Ақментай Есбаев атқарылған жұмыстарды баяндап, кезекті жарыс сөзге беріп, тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады.

На данном изображении может находиться: 11 человек

Айта кетейік, Келес ауданы Сарыағаш ауданынан өз еншісін алып, дербес аудан мәртебесін иемденген – тоғыз жолдың торабында жатқан, қасиетті өлке саналады. Мұнда 140 000 мыңға жуық халық өмір сүруде. Әрине ауданда атқарылатын жұмыстарда, атқарылыуы тиіс шараларда баршылық. Мәселен ауыл шаруашылығы өнімдері мен ағын суды тиімді пайдалану жолдарын Республикалық тіпті Халықаралық деңгейде шешілуі қажет екендігін жергілікті атқа мінерлер жасырмайды, расыменде суының 85% көршілес Өзбекстан Республикасы каналдары арқылы келетінін ескерсек, сапасының ауданға жеткенше төмендеуі тағы бар. Яғни шекаралық аумақтан өтетін су қоры ластанып, елімізге енгенше өз сапасын құлдыратқан көрінеді. Бұл мәселені Астана қаласынан іс-сапармен келген депутаттарғада басшылық жеткізген.

На данном изображении может находиться: 9 человек

Агроөнерәсіпті дамытуға арналаған бағдарламалардың тиімді жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек еткем келіп отыр. Себебі ауданның бұл салада жеткен жетістігі көршілес Сарыағаш ауданы мен иық тіресе алатындығын көрсетіп отыр.  Өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 2018 жылы 46,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 110,3 %-ға артқан. 2019 жылы оның көлемін 62,3 млрд теңгеге жеткізіп, 132,8% арттыру межеленген. Демек Келес ауданы ендігі жылы Түркістан облысының үздік аудандары қатарына енуі ғажап емес. Әрине осы қарқынмен жұмыс жасап, жоспарлары нақты орындалса…

  Кәсіпкерлік саласында 2019 жылға белсенді шағын және орта субъектілер санын 7,4 мың бірлікке немесе 2018 жылмен салыстырғанда 107,2%-ға өсіру көзделген. Бұл дегеніміз жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп туғызады. Жұмыс ашылса, еңбек ресурстарының керектігі баршамызға мәлім. Осы субъектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 15,4 мың адамға жетіп, 124,9%-ға, бюджетке тиісті салық төлемдерін 111,9%-ға және шығарылатын өнім көлемі 113,5%-ға артатынын аудан әкімі айрықша атап өтті. Есепті хабарлама бойынша жарыссөзге шыққан азаматтар аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Яғни Келес ауданының халқы осы жылы және келер жылы аудан әкімінен тиісті жоспарларының тиянақты орындалатынын аса мұқиятылықпен күтеді деген сөз.

Есеп беру жиынында ауданның инфро құрылымын жаңғырту, жол жиектерінің кеңейтілуі, абаттандыру жұмыстары бойынша бірнеше сұрақтар қойылып, мәселелердің назарға алынатындығын және оны шешу жолдарын оңтайландыру арқылы қаралатындығын аудан әкімдігі жеткізді.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, жаңадан құрылған ауданның әкімі болған Ақментай Үсенұлын алғашқы есебімен құттықтап, былтырғы жылдың жемісті болғанын айтты.

Сағындық Жанысбаев