Басты бет > Мәдениет > Кейбір Ырым мен тиым жансақтықпен айтылған сыңайлы… Дəстүрдегі инклюзия, шеттету ме, əлде шектеу ме?!

Кейбір Ырым мен тиым жансақтықпен айтылған сыңайлы… Дəстүрдегі инклюзия, шеттету ме, əлде шектеу ме?!

Дəстүрі мен салты сақталған  қазақтың Оңтүстік, Батыс өңірлері ырым мен тиымға берік мекен деп айтсақ артық айтпағандығымыз болар!

Солардың бірі жаңа түскен келінді таныстыру мақсатында жасалатын беташар тойы! Ия мұнда келіннің қолынан ұстау үшін аузы дуалы, елге өнегелі, ұл-қыздары бар, туысқан келіндер, абысындары жаңадан түскен келіннің қолынан ұстап сүйемелдейді.

Енді осы жерде мынадай көзге оғаш көрініп, құлаққа жұтаң естілетін ырым бар. Егер қолынан ұстайтын абысыны бала көтере алмай жүрген болса, немесе бедеу болатын болса қолынан ұстатпақ түгілі оған қарапайым шашуды да шашқызбайды. Себеп жаңадан келген келінге оның кесірі тиіп, бала көтере алмай қалады екен мыс!

Ия, бұл таза дəстүрдегі дискринимация! Сонда шынымен қолынан ұстап, шашуын шашса жаңадан түскен келін бала көтере алмай қала ма екен?! Əрине жоқ, бұл ақылға қонбайтын ырым, сауатсыздықтан туған іс-əрекет дер едім. Бұл менің тілші ретіндегі субьективті көз-қарасым. Қоғам болып, дəстүрдің озығы мен тозығы барын ескерсек, ырым мен тиымның да тозығы барын есімізде сақтаған дұрыс сияқты.

Қыз-келіншектер жаңағы өз əулетінен, туған-туысқандары тарапынан бала көтере алмағаны немесе бедеу болғаны үшін шектетіліп жатқандығы, онымен қоса дəстүрдегі ырым мен тиымның шекті белдеуінен асып адам құқықтарының, оның ішіндегі қазақы дəстүрі қаймағының осындай түкке тұрғысы ырым мен тиымдардың кесірінен бір пəсте келімсекке айналып шыға келуі, шектелген əйелдердің психологиясын құзға қарай итергенмен тең емес пе! Əрине меніңше ол адамға қоғам түгілі өз туысқандары шектеп тұрса оңай емес екені айдан анық. Өмірденде түңіліп кетуі ғажап емес. Неге осы жағынан ойламасқа?! Неге сол адамның орнына өзіңізді қойып көрмеске?! Қиын-ия?

Инклюзиялы қоғамды қалыптастырып, тең дəрежеде өмір сүру үшін мұндай, бір тиынға қажеті жоқ ырымның қазақтың дəстүрінде алатын орны жоқ деп санаймын. Бұл мақаламды тілші айтары деп қабылдарсыздар! Сіздерге ой салдым, ары қарай ойланып шешімге өздеріңіз келерсіздер. Осы орайда дəстүрді де кезінде адам баласы ойлап тапқандығын тілге тиек еткім келіп отыр. Олда өзінен-өзі пайда болып, аспаннан түсе салған жоқ! Оныда өзіміз қабылдап, өзіміз қалыптастырғанбыз. Барлығы өз қолымызда! Қоғам болып, ел болып күрессек ғана қазіргі заманның ығына жығылған салтымыз бен дəстүріміздің сақталатындығы сөзсіз.

Сағындық Жанысбаев

Суреттер ғаламтор желісінен алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.