Басты бет > Қоғам > ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫЛАР ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА ЖҰМСАЛАДЫ

ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫЛАР ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА ЖҰМСАЛАДЫ

Жылдың аяқталуына небәрі 4 ай уақыт қалды. Осыны ескеріп, барлық салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алу қажет. Игерілмеу қауіпі бар қаржыларға толық талдау жасап, қажет болған жағдайда оларды қысқартып басқа жобаларды қаржыландырға бағыттауға үлгеру  керек. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Селекторлық отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы –  жергілікті бюджеттің игерілуі. Бұл жөнінде облыстық сбасшысының міндетін атқарушы Рахымберді Мүлкеманов баяндама жасады.

Биыл облыс бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдер жоспары 108,7 пайызға орындалып, отыр.Бұл 2016 жылдың 7 айымен салыстырғанда түсімдер 3,9 млрд.теңгеге өсіп отыр.

«Биылғы 7 айдың қорытындысымен жоспардағы 334,8 млрд.теңгенің 326,7 млрд.теңгесі игеріліп, жоспар 97,6 пайызға  орындалды. Бюджеттің шығыстарына келетін болсақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бюджет қаржысы 99,9 пайызға игерілген», – деді Рахымберді Мулкеманов.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыс әкімі тиісті сала басшылары мен аудан-қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты бәсеңдеткен жауапты қызметкерлерге талапты күшейтуді тапсырды.

«Барлық бағдарлама әкімшілеріне, аудан, қала әкімдеріне және облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте құрылыс нысандарының сапасына аса көңіл бөлініп, қалыс қалып отырған нысандар бойынша 2, 3 ауысымда құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, бюджеттің орындалу барысы бойынша әрбір 15 күн сайын, арнайы мәжілістерді өткізуді тапсырамын», – деді Ж. Түймебаев.

Жиында қаралған екінші мәселе – облыстағы ветеринариялық қауіпсіздік. Бұл жөнінде облыстық Ауылшаруашылық басқармасының орынбасары    Нұржігіт  Мырзахметов баяндама жасады.

2017 жылдың басынан Бәйдібек, Мақтарал, Отырар, Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт, Шардара аудандарында Конго-Қырым қанды қызбасын залалсыздандыру жұмыстары сапасыз жүргізілген. Сондай-ақ биыл жануарлардан жарақат алған адам саны 2016 жылмен салыстырғанда едәуір азайған

Екінші мәселе жөнінде өңір басшысы шұғыл арада ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштарды жергілікті бюджет есебінен сатып алуды қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен қатар, сібір жарасының көмінділерін тәртіпке сәйкес оқшаулауды, облыс аумағындағы сауда орындарында, базарларда сатылып жатқан ет өнімдерінің сапасына тұрақты қадағалау жүргізуді тапсырды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.