Басты бет > Мәдениет > Шымкент рухани жаңғыру: Ибрагим ата кесенесі ХІІІ-ХҮІІІ ғғ.

Шымкент рухани жаңғыру: Ибрагим ата кесенесі ХІІІ-ХҮІІІ ғғ.

Жобасы бойынша шағын төртбұрышты, бір бөлмелі кесене үстінде, күмбез орнатылған. Есігі оңтүстік-батыс жағында аркаға ұқсас жобасына келтірілген. Жандары тікбұрышты қасбет болып жасалған. Солтүстік-батыстағы аналогиялық қасбеттің бұрыштары декорациялық роль атқарады.
Қазіргі кезде күмбезді қалпына келтіру қиын болады. Баспанасы сопақша болып келген. Құламасымен жапырақ түрлі темірден жасалған. Ескерткіш күйген кірпіштен тұрғызылған және сыртынан да, ішінен де құмсылақпен сыланған. Кейбір жерлері әктелген. Жобасы бойынша көлемі: 7,0 х 7,0 м., биіктігі 8,25 м.
1.Ескерткіштің атауы: Ибрагим ата кесенесі
2.Типологиялық тиістілігі: Қала құрылысы және сәулет
3.Ескерткіштің уақыты: ХІІІ-ХҮІІІ ғғ.
4.Ескерткіштің тұрған жері: Сайрам тұрғын алабының солтүстік батыс шетінде, Сайрам-Ақсу жолында, биік жотада орналасқан
5.Тарихи мәліметтер: Ғимарат авторы мен құрылысшылары жөнінде мәліметтер жоқ
6.Ескерткіштің бастапқы тұрпатын өзгерткен қайта құрулар мен бүлінділер: Ескерткіш бастапқы қалпын сақтағанымен, уақыт өте ескіруде
7.Ғылыми қалпына келтіру жұмыстары: 2008 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген
8.Ескерткіштің қоғамдық, ғылыми-тарихи және көркемдік маңыздылығының жалпы бағасы: ХІІІ-ХҮІІІ ғғ. қаланған сәулеттік мәні бар ескерткіш
9.Негізгі библиография, архив деректері, иконографиялық материал:
ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы
10.Техникалық жай-күйі: жақсы
11.Ескерткіш мәртебесі: Республикалық маңызы бар
12.Қорғауға алынған күні: 26.01.1982 жылы № 38
13.Қорғау аймағы мен жаңа құрылысты реттеу аумағының шекарасы: Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес 20м.
Ұсыныс: Реставрация жасау, айналасын абаттандыру