Басты бет > Хабар > Заң қызметкері арсыздыққа жол берді……

Заң қызметкері арсыздыққа жол берді……

Картинки по запросу педофиль полиция
Фото ғаламтордан алынды

Шымкентте тағы бір азғындық орын алды. Қаршадай қос бүлдіршінге зорлық көрсеткен заң қызметкері екені анықталды. Қазір, күш көрсетіп балғындардың болашағына балта шабуға ұмтылған полиция ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыдан бірнеше күн бұрын алаңсыз мектептен келе жатқан 3б-сынып оқушылары абайсызда погондағы азғынның арбауына ілінеді. Аузынан ана сүті кеппеген балғындарды жылы сөздермен арбап, алдап жеңіл көлігіне мінгізген масаң күйдегі ОҚО ІІД-нің Тылды қамтамасыз ету басқармасының қызметкері 1976 жылы туылған, ұлты өзбек Максумов Руслан Ахимжанұлы қазір күдікті ретінде уақытша қамау абақтысына тоғытылды. Оқиға Шымкент қаласы, Алдияров көшесі мен Елшібек батыр көшелерінің қиылысында болған екен.

 

 

Тапа-тал түсте екі қарлығашты өзінің жеңіл көлігіне күштеп мінгізгенін, белгісіз жаққа алып кеткенін сол маңайдың тұрғыны Боханова Ирина ханым растап отыр. Полиция бөліміне де дер кезінде хабар беріп үлгерген осы азаматша. Тепсе темір үзетін, қырықтағы қаніпезердің уысына түскен екі бүлдіршін қаламыздағы М. Горкий атындағы 12-мектептің 3б-сынып оқушылары екені анық болды. Ал, азғындыққа жол берген азамат Шымкент қаласының «Спорт» шағын ауданының тұрғыны, ІІД-нің қызметкері қаршадай қыздардың тағдырына түкіре салғаны жаға ұстатады. Еңбекші аудандық, ІІБ-інің жіті қимылдауының нәтижесінде немересіндей періштелердің пәктігінен айырмақ ниеті орындалмады, алайда аймалап, бетін сүйіп үлгерген заң өкілі құрықталды. Сондай-ақ, автокөлікті тексеру барысында шөлмектер мен басқа да айғақтық заттар тәркіленген. Бейбіт өмірде өрімдей өрендердің өміріне нұқсан келтірген заң өкілі ендігі өз күнәсін мойындап отырған көрінеді.

ОҚО ІІБ-ның өзіндік бақылау қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қайда қарап отыр… Еліне еткен еңбегі бар, аталмыш қауіпсіздік қызметінің басшысы, білдей полковник Оңғаровтың, немесе оның орынбасары М. Сыдықовтың да мұндай істерге атүсті қарайтын болғандықтан (педофиль)- дер өздерінен шығып отырған шығар….. Бұлай демеске шара жоқ. ІІД-інің қызметкері осылай жасаса, басқасы не істемейді. Біздерді қорғайтын полиция қызметкерлері тарапынан осындай ойсыздық пен тойымсыздық орын алып жатса , сонда қара халық кімнен пана іздемек….. Тапа-тал түсте мектептен қайтқан жас балғындар ойламаған жерден погондағы көкжалдың тырнағына ілінем деп ойлапты ма екен…. Сонда кімге сенеміз, кім бізді қорғайды…..

 

Малика Абдалиева

“Медиаон” ақпараттық сайтының бас редакторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.