Басты бет > Саясат > Ж. Түймебаев және Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев Шымкент қаласындағы «Қошқар-ата» демалыс аймағын аралады.

Ж. Түймебаев және Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев Шымкент қаласындағы «Қошқар-ата» демалыс аймағын аралады.

Аралау барысында аймақты одан əрі дамыту, жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.


Мәселен, демалыс аймағында орналасқан жеке тұрғын үй секторын реттеу бойынша жоспарларға тиісті өзгерістер енгізіп, өзен бойына одан әрі көгалдандыру, абаттандыруға баса назар аударып, өзен бойындағы көне, тарихи ескерткіштерді қайта жаңғыртуға жəне өзен- канал бойын кезең-кезеңімен абаттандыру керек.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы тұрғын үйлердің және т.б. нысандардың сыртқы қасбеттерін (фасад) ретке келтіру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Бұған қоса, Шымкент қаласының «Арбат»-ын ұйымдастыру мәселесі де қолға алынатын болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.