Басты бет > Жастар > Ж.Түймебаев: Жастар бүгінде қоғамдағы қозғаушы күшке айналды

Ж.Түймебаев: Жастар бүгінде қоғамдағы қозғаушы күшке айналды

Бүгінде жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл обьективті құбылыс. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгін Шымкент қаласында өткен «Бәсекеге қабілетті – жастар» атты облыстық жұмысшы жастар форумында айтты.

Жастармен тілдесу барысында әкім тәуелсіздік жылдары он мыңдаған жас әлемнің маңдайалды университеттерінде «Болашақ» бағдар¬ламасымен білім алғанын, оның ішінде  400-ге жуық оңтүстікқазақстандық жастардың да бар екенін атап өтті.

– Ал жаңа буынға тың серпіліс беріп келетін «Серпін» бағдарламасымен 17 мыңға жуық студент Солтүстік аймақтардағы кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Ондағы республикалық гранттың 50 пайызы облыс жастарының еншісінде. Осылайша, өңір жастары Елбасымыздың тікелей бастамасымен жүзеге асырылған жобаға барынша қолдау білдіруде. Олардың ішінен 2016-2017 жылдары техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуын бітірген 346 студенттің 189-ы тұрақты жұмысқа қабылданды»,-деді әкім.

Жыл аяғында барлық саладағы жұмыстарды қорытындылап, сараптама жасау дәстүрге айналғанын айтқан аймақ басшысы жыл соңында облыстағы жұмысшы жастардың басын қосып, еңбекші жастарды қоғамға танытуды жөн көрдік деді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оңай екенін атап өткен болатын. Олай болса елдігімізді сақтап, ұлттық кодымызды жаңғырту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Сіздерге тек еңбекте ғана емес, Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін!»,-деген облыс әкімі жұмысшы жастарға алғысын білдірді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.