Басты бет > Білім > Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында экскурсия ұйымдастырылды

Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында экскурсия ұйымдастырылды

Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары сынып оқушылары аймақтың ірі кәсіпорындарына барып, жұмыс барысымен танысады. Экскурсия 8-10 сынып оқушылары үшін «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілді.

Өмірлік таңдау – «Самұрык-Қазына» АҚ – «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында іске асырылды.

Экскурсияны ұйымдастыру мақсаты – оқушылардың заманауи өндіріспен танысуын, технологиялық процесстермен, кәсіпорынның кәсіби әдіс-тәсілдерімен, еңбек жағдайы мен кәсіпорынның еңбек әулеттерімен, еңбек ардагерлерімен танысуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар оқушыларды өндірістік мамандықтарға баулу, олардың қызығушылығын арттыру көзделген.

Экскурсия аяқталған соң кәсіби бағдар бойынша жұмыстар өткізіледі, олар: сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап сағаттары, сайыстар мен тестілеу. Олардың нәтижелері бойынша кімнің андай мамандыққа жақын екендігі анықталады.

Екі күн ішінде ОҚО 300 оқушысын қамту жоспарланған. Бұдан бөлек, жоба Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында іске асрылады.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Оқу жылының соңына дейін 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылуы жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі. «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында бастау алды. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру. Бағдарламаның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық және ғылыми зиялылар.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.