Басты бет > Саясат > Жүсіпова Айман – №38 мектеп директоры: Енді ісім, сенімен болсын!

Жүсіпова Айман – №38 мектеп директоры: Енді ісім, сенімен болсын!

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты Оңдасынов атындағы №38 мектеп – гимназиясында заңсыз әрекеттер орын алып жатқан көрінеді. Осыған байланысты осы мекеменің мұғалімі Гүлжан Салимбаева елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық үндеу хат жолдады.  Білім ордасында болып жатқан өзіне қатысты іс-жайды жайып салды. Ашық жолдау хатында білім беру мекемесінің мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан үлкен қысым көріп жатқанын жариялады.  Видео хатқа сүйенсек мектеп директоры және оның орынбасарлары Гүлжан ханымға тұрғындардың статусын анықтау мақсатында ақпарат жинауға бұйрық берген, сөйтіп бұл бұйрықты Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның ескеруімен жасалғанын айтқан көрінеді. Әзірге Шымкент қалалық білім бөлімі тарапынан бұл мәселеге байланысты мәліметтер таратылған жоқ.

Видео: Гүлжан Салибаеваныкі. Ғаламтор желісінен алынды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.