Басты бет > Жастар > «ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясы Отырар ауданында жалғасты

«ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясы Отырар ауданында жалғасты

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері  жөніндегі  басқармасының «Жастар  ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен «ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласын жүзеге асырумен, «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында «ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясы 15 аудан, қалаларда 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер арасында  жүргізіледі. Психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу, жеке кәсібін ашуға, жобасын іске асыруға  қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған бұл жоба Отырар ауданы Талапты ауылында жалғасты.

Жобаның басты мақсаттарының бірі: Мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің өмірге құштарлығын арттыру, қиындықпен күресуге бейімдеу, қоғам назарынан тыс қалдырмау,  дағдарыстың алдын алу. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару. Өмір  сүру үшін өз мүмкіндігі жеткенінше күресуге үйрету.

Кез-келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасымен, оларға жасалған жағдайдан айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасау. Мүмкіндігі шектеулі жастардың басым бөлігі еңбек етуге қабілетті жаста екенін ескеретін болсақ, бұл аса маңызды мәселе.  Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік  көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға, жеке кәсібін ашуға  мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке сектордың бірігіп қатысуының маңызды екенін ескеру.

Тұрсынай Қайратқызы анасымен

«ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясының нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жастарды белсенді өмірге тартылады, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезініп, жоба аясында жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алады.  Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулеріне үлес қосылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік кіріктірудің маңызды шарты кәсіптік оңалту болып табылады – бұл еңбек табысы көздерінің бірі ретінде жеке кәсібін ашуын қамтамасыз ету арқылы, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу күтілуде. Оңтүстіктің мүмкіндігі шектеулі жастары үшін «кедергісіз» ортаны қалыптастыру. Нəтижеге жету үшін қоғамның көзқарасын жəне мүмкіндігі шектеулі жандардың өздеріне деген көзқарасын өзгерту.

ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫНЫҢ МҮМКІН БАҒЫТТАРЫ

  1. Тігін цехын ашу
  2. Компьютерлік қызметтер көрсету
  3. Тәтті нан цехын ашу
  4. Шаштаразы ашу
  5. Аяқ киім жөндеу цехын ашу
  6. 6. Сүрет салу цехын ашу
  7. Массаж жасау кабинетін ашу
  8. Гүл өсіру цехын ашу

Ескерту: ережеге сәйкес қосымша жобалар ұсынуға болады

ҮЗДІК 10 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ.

ЕСКЕРТУ:

  1. Конкурстың комиссия құрамын ұйымдастырушы алқасының шешімімімен бекітеді.
  2. Арнайы сарапшы топ үздік 10 жобаларды анықтайды.
  3. 3. Жоба құны 200 000 – 300 000 теңгеден аспауы тиіс.
  4. 4. Жобаларды заттай қаржыландырылады.
Жұлдыз Балтабаева “Жастар ресурстық орталығының” психолог маманы

СЕРІКТЕСТЕР:

  1. 1. ОҚО «Кәсіпкерлік мектебі», «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы
  2. 2.«Оңтүстiк» индустриалды аймағыбасқарушы компаниясы дирекциясы
  3. 3. «Халқыма тағзым мүгедектер қоғамы» қоғамдық қоғамдық бірлестігі
Жипсыбаева Динара Отырар ауданы Талапты ауылының әкімі

Ақпаратты дайындаған

Сағындық Жанысбаев

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.