Басты бет > Саясат > Жетісай: АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ ЖӘНЕ АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Жетісай: АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ ЖӘНЕ АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

28 қаңтар күні Жетісай аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың 2018 жылдың қорытындысымен аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесуі Мақталы ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан әкімі өткен жылы атқарған жұмыстарын арнайы дайындалған бейнефильм көрсетіп, 2019 жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстары туралы баяндап берді.

Аталған кездесуге ауыл тұрғындары белсене қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Жалпы тұрғындар 2018 жылы ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, 2019 жылы атқарылатын игі бастамаларға сәттілік тіледі.
Түсауа әкім есебі Атамекен ауылдық округінің Талапты елдімекенінде жалғасты. Мұнда тұрғындар ауданымызда 2018 жылы атқарылған жұмыстарға қанығып, биыл еңсерілетін шаруалардан хабардар болды. Аудан әкімі әр саладағы атқарылатын тың жобалар мен атқарылатын тірліктерді баяндап берді.
Есеп беру жиыны барысында атамекендіктер аяқ жол, ағын су, мектеп, медициналық пунктер туралы сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды. Жиын қорытындысында аудан әкімінің былтырғы жұмысына тұрғындар тарапынан оң баға берілді.

Медиаон ақпарат