Басты бет > Хабар > ЖАҢА 2017 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

ЖАҢА 2017 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

59
views

ЖАҢА 2017 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Раушан Мұхамеджанқызы СЕБЕПОВА, облыстық «Әдістемелік кабинетінің» директоры:

Баршаңызды жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

2016 жыл баршамызға ерекше әрі мерейлі жыл болды. Елімізде іске асырылып жатырған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі “100 нақты қадам” Ұлт жоспары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігін тағы бір айқындап, дағдарыстың кері әсерін Қазақстанға мейлінше тигізбеу бағытында және экономикамыздың қалыпты өсуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған нақты қадамдар болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында дағдарыстан өту жөніндегі шараларды белгілеп берді. Бұл шараларды іске асыру нәтижесінде жылдан жылға елімізде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің, өндіріс орындарының саны артып, экономиканың қай-қай саласында да өсім тенденциялары байқалады. Мұндай нақты істер ауданымызда да табысты іске асырылуда. Биылғы жылдың өзінде облыс көлемінде жаңа балабақша, спорт алаңдары салынып, баспаналар бой көтерді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін дамыту, жолдарды жөндеу, елді-мекендерді абаттандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Бүгінде облысымыздың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, құрылыс және өзге де салалары жақсы қарқынмен дамып, сол арқылы жаңа өңдеу және қызмет көрсету орындарын ашуға, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздықтың деңгейін азайтуға мүмкіндік жасалды. Мұның бәрі мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының және әр қазақстандықтың қажырлы еңбегінің жемісі деп білеміз.

Құрметті жерлестер, келе жатқан жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін! Жаңа жыл берекелі болсын!

Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!

Жаңа 2017 жыл құтты болсын!

Отбасылық бақыт, береке, саулық әкелсін!

 

Нышан БАЙҒҰТОВ:

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2007 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Алдағы жыл баршамызды тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

 

Сайлаукүл БАРАҚОВА:

Құрметті жерлестер, әріптестер!

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!

Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Ескі жылға да өкпе жоқ. 2016 жылы біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын зор салтанатпен атап өттік. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына жаңа жылда береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

 

Əділ Əуелбекұлы АРЫСБАЕВ, Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы:

Құрметті жерлестер, ұстаздар, әріптестер!

Барлықтарыңызды Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан дағдарысқа қарамастан өзінің құтты қадамын жалғастырды. Біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді барша әлемге әйгілеп, еліміздің мәртебесі мен мерейін асқақтаттық. Ұлы далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым ете отырып, жаңа Қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған ата заңымызды ұлықтап, бақ-берекеміздің ұйытқысы — Қазақстан халқының ассамблеясының беделін биіктете отырып – биылғы жылы еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлады. Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығында жетістіктері мен табыстарын көрсетуде қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуын біріктіретін түйіні болатын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын алға бастыра отырып, бірегейлік пен бірлікті нығайту жолында баршаңызға толағай табыстар тілеймін!

Ардақты жерлестер, ұстаздар, әріптестер! Жаңа жыл баршамызды жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін. Алдағы Тауық жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін!

Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіміз үстем, беделіміз биік, абыройымыздың асқақ болуына тілектеспін!

 

Ә. МҰСАЕВ, Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Құрметті «Зияткер ON» газетінің ұжымы!

Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Сіздер үшін Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

Жаңа жылда отбасыларыңызға құт-береке, мықты денсаулық, баянды бақыт, тамаша көңіл-күй тілеймін.

 

Мұрат МАХАНОВ, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы:

Құрметті жерлестер!

Жаңа 2017 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған соңғы 25 жылда алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор. Әрине, жалғыз адам ештеңені тындыра алмасы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, Қазақстанның өркендеуіне Елбасымызбен қатар, барлық адамдар сүбелі үлес қосты, қоса да бермек. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Келе жатқан жаңа 2017 жыл еліміз үшін де маңызды жыл болмақ. Алдағы 2017 жылы — еліміз Универсиада мен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізбек. Еліміздің алдағы сындардан сүрінбей өтіп, бүкіл әлем көз тігіп отырған маңызды іс-шараларды абыроймен атқаруына тілектеспіз және сол жолда бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек.

Құрметті әріптестер, ұстаздар және барша оңтүстікқазақстандықтар!

Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!

Жаңа 2017 жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!

Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып, өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.

Барлық бастамалардың бағы жанып, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!

Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!

Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейік, жан жылылығына бөленейік!

Жаңа 2017 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

 

Дәулен Мырзалыұлы ӘБІШЕВ, Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы:

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның әлем елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ. Қазақстан Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ата-бабаларымыздың жеке мемлекет болу арманы орындалып, абырой –беделіміз артып, төрткүл дүниеге Қазақ елі ретінде танылдық. Бүкіл әлем мойындаған экономикалық табыстарға қол жеткіздік. Бұл жүйелі түрде табандылықпен жүргізген экономикалық реформалардың заңды нәтижесі деп білеміз. Бұл тұрғыда білім саласының алар орны бөлек. Әлемдік бәсекелестікке төтеп беретін бірден –бір құрал –білімділік. Нағыз ұстаз қай ғасырда да – ұстаз болып қала бермек. Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ. Ол –Білімділік, Парасаттылық, Имандылық.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, ұлттық рухы биік, ар-намысты болуына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне және халықтық тәлім-тәрбиені бойына сіңіруге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша білім беру саласының қызметкерлерін Жаңа Жыл мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында жақсы қырынан көріне беріңіздер.

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңізбен еліміздің нығаюына өзіндік үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін. Осынау игілікті істе қанаттарыңыз талмасын, қажыр –қайраттарыңыз қашанда арта берсін.

Жаңа 2017 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз бірлігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ — береке әкелсін!

 

Л. ҚОЙЛЫБАЕВ, Мақтарал аудандық білім бөлімінің басшысы:

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз бірлігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *