Басты бет > Білім > Жаңа әлемге яғни «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне беиімделу мен жетістікке жету жолын » табу үшін не істеу керек?

Жаңа әлемге яғни «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне беиімделу мен жетістікке жету жолын » табу үшін не істеу керек?

Жолдау 10 міндеттен тұрады. 7-ші міндеттен «Адами капиталды жаңғырту» оның ең басты бағыт екенін яғни білім берудің жетекші роль атқаратынын ерекше көрсеткен.

Білім берудің барлық деңгейінде математика мен жаратылыс тану ғылымдарын сапалы әрі баса оқытуға назар аударылған.Ал қазақ,орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру үшін барлық жағдайды жасау тапсырылған.Қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату үшін латын әліпбиіне көшу міндеті жүктеліп отыр.Латын қаріпіне көшу бізге көп нәрсе береді.
Латын қарпін пайдаланатын елдер дүниежүзі халықтарының 30% яғни 1млрд 366 млн адам,яғни бірінші орында. Ал екінші орын – түбірлі қытай тілі – 25%, яғни 1млрд 360млн адам, үшінші орын – буынды үнді тілі – 20% яғни 1 млрд 300 млн адам.
Сөйлеу тіліміз өз күйінде қалады да жазу тіліміз өзгереді, яғни латын қарпіне көшеміз. Бұл деген сөз дүниежүзі бойынша озық ғылым мен технологиялық иновациямен хабардар болып,оны өндірісте пайдалана аламыз.
Бүгінгі таңда,алдағы уақыттарда да білім жүйесіндегі өзгерістерге яғни репродуктивтік оқытудан конструктивтік (сындарлы) оқытуға көшуіміз керек. Дәстүрлі білім беру мен интербелсенді оқудың айырмашылығы бар.Дәстүрлі білім беру – білімді жинақтауға негізделеді, ал интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді. Үйренудің тиімді әдіс-тәсілдері осы интербелсенді оқу әдістерінде көрсетілген.
«Білім дегеніміз – мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе» деген екен Альберт Эйнштеин.
Бүгінгі күнде педагогикада «сөз арқылы емес,әрекет арқылы үйрену,үйрету қажет» деген ұстаным басым. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрыңғыдай тыңдап және көшіріп қана қоймай,белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау,оқу,сөйлеу,өз ойын келтіру,талқылау,жазу,пікірлесу,пікір таластыру,талдау т.б.
Осы заманғы озық оқу әдістерін кең түрде қолданып,ертеңгі ел тірегі болар жастарды білімдар,тәрбиелі интербелсенді етіп қалыптастыруға аянбай еңбек ететін боламыз.


Мақұлова Анар Рүстембекқызы – «Ш.Уәлиханов
атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.