Басты бет > Қоғам > ЖАҢА «ЫРЫС – ӨРКЕНДЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ЖАҢА «ЫРЫС – ӨРКЕНДЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының еншілес ұйымы «Ырыс» микроқаржы ұйымы жаңадан “ЫРЫС – ӨРКЕНДЕУ” бағдарламасын іске қосты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн. теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді.

Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.