Басты бет > Хабар > ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЕЛДЕГІ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ

ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЕЛДЕГІ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы бар құжат болды. Өйткені ол халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірінші кезектегі мәселелерді шешуге арналды. Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.  Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына  жан-жақты, терең талдау жасап және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылды. Тұрғындардың табыстарын арттыру, халықты толғандырған ең келелі деген проблемалар жөнінде салмақты сөз қозғады. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін айқын әрі сенімді дәлелдей білді. Осы тұрғыдан алғанда, ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жөніндегі қойылған міндет зор маңызға ие болмақ. Себебі, ол 1,5 миллионға жуық адамның тағдырымен байланысты мәселе. 300 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 35 % өсетін болады. Біздерді, педагок-ұстаздарды аса толғандыратын проблемалар да назардан тыс қалмады. Мәселен, мемлекет басшысы мұғалімдердің осы мәселелерін шешу бағыттарын айта келе, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдауды тапсырды. Президенттің ұстаздардың орындайтын оқу жүктемелерін азайтып, үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтерілген кезек күттірмейтін әділ шешім деуге болады. Бұл мәселені осыған дейін Сенаторлар бірнеше мәрте көтерген де болатын. Енді осы аталған Заңның орындалуына өз үлестерімізді қосуымыз қажет.

Медиаон ақпарат