Басты бет > Білім > ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ — ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАМА

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ — ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАМА

68
views

2017 жылдың 13-18 қараша күндері аралығында Шардара ауданы білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінде білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасының 1,2,5,7-сыныптарда іске асыруда сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудағы педагогикалық тәсілдер және бағалау» тақырыбында апталық өткізілді. Аталмыш апталыққа 18 мұғалім қатысты.

Фото Гули Рыспаевой.

Қалбырова Әлия қазақ тілі пәнінен 7 «Б» сыныбында «Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік», Қамбарбекова Феруза қазақ әдебиеті пәнінен 5 «Ә» сыныбында «Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас!», Бабаева Шарофат химия пәнінен 8 «А» пилоттық сыныпта «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы», Өтеева Назира сауат ашудан 1 «Б» сыныбында » Д дыбысы және әрпі», Нұрымбетова Меруерт математикадан 1 «Ә» сыныбында «Қосу кестесі», Утешова Ұлбосын информатика пәнінен 5 «Ә» Фото Гули Рыспаевой.

сыныбында «Ақпараттың өлшем бірліктері», Калмуратова Кулайша әдебиеттік оқудан 2 «Ә» сыныбында «Менің сыныптастарым», Ибрагимова Жанат математика пәнінен 1 «А» сыныбында «Қосу мен азайтудың байланысы», Мамасерипова Айжан ағылшын тілі пәнінен 5 «А» сыныбында «Holiday aktivitie’s» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өтіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Осы апталықта белсенділік танытып, кәсіби шеберлігін көрсете білген, «өз уақытын аямаған, өзгенің жанын аялаған» әріптестеріме алғыс айтамын.

Гуля Рыспаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *