Басты бет > Қоғам > ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ

ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ

16
views

Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. «Ұстазы білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі» демекші, біздің ұжымның ұстаздары да жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде орасан жұмыстар атқаруда.

Ұжымда 60 ұстаз еңбек етеді, барлығы жоғары білімді. 22 ұстазымыз деңгейлік оқуға барып келген. Мектепте бірлескен 12 топ жұмыс жасайды. Әр топтың жұмыс жоспары бар. Заман талабына сай ұстаздар қысқа мерзімді жоспарға түрлі әдіс-тәсілдерді ендіріп, жаңаша сабақтар өтуде. Сабақты оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдермен өту оқушының ынтасын, қызығушылығын арттыруда.

Мектебімізде «Ашық есік» күні өткізілді. Мұнда ата-аналар балаларының сабағына еніп, білімдерін байқады. Ата-аналардан кері байланыс алынып, кедергілер анықталды.

Ұстаздарымыз оқушыларға білім мен тәрбие беру жолында ізденістерімен іс-тәжірибелерімен өзге мектеп ұстаздарымен бірге әдіс алмасып жатыр. Өзге мектептерден келген ұстаздарға жаңа әдіс-тәсіл түрлерін пайдаланып ашық сабақ, ашық тәрбие сағаттар өтуде. Кәсіби желілік қоғамдастық мақсатында 10-шы ресурстық орталыққа қарайтын 11 мектептің ұстаздары өзара іс-тәжірибесімен бөлісті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ең тиімді жолы оқушының өз ойын жеткізуі, өзін-өзі бағалауы, сыни тұрғыдан ойлануы, оқушы белсенділігінің артуы болып отыр.

Қазіргі заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұнында мұғалім оқушыға білімді жай ғана айтып қоймай, пәнді терең меңгеруі үшін дұрыс бағыт беруі қажет және әр бала бойындағы дағдыларды, қабілеттерді аша білуге үлкен мән берген. Әрбір оқушы гүл секілді, мұғалім беретін білім мен тәрбие дұрыс жолға қойылғанда ғана гүл жайқала өседі.

Оқушы бойындағы білімді ашу, талпынысты, қабілетті арттыруда критериалды бағалаудың маңызы зор. Себебі, критериалды бағалау оқушының сабақ барысында мұғалім назарынан тыс қалмауына, әрбір іс-әрекетінің бағалануына септігін тигізеді. Жаңартылған білім беру мазмұнында мұғалімдеріміздің кәсіби шеберлігін арттыруда шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасауын қамтамасыз ету назардан тыс қалмаған.

Білім бөлімінде жаңадан құрылған сараптама орталығы жұмыс істейді. Сараптама орталығының жетекшісі Расулова Ұлшаның әдіскерлерімен шығарған «Нұсқаулығы» ұстаздарымыздың әдістемелік құралына айналды.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңалықтарды сабаққа ендіре отырып, ұстаздарымыздың шығармашылық белсенділігі артты.

Бақытжамал ЖОЛДАСБЕКОВА,

Сарыағаш ауданындағы №80 «Н.Тілендиев» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *