Басты бет > Саясат > ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ӘКІМДЕР…

ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ӘКІМДЕР…

РЕДАКЦИЯ:

ЕКІ АУДАНДЫ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР? 

“Медиаон” ақпараттық агенттігі Сайрам және Ордабасы аудандарына тағайындалған әкімдерден жаңа бастамаларды күтеді. Бүгін облыс әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстанда ауыс-түйістер орын алды. Толығырақ айтсақ аудан активтерінің орны ауысып, жаңа әкімдер тағайындалды. Алдыңғы әкімдердің қайда? қандай? қызметке ауысқандары жайында облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі ресми ешқандай ақпарат жариялаған жоқ. Дегенменде алдыңғы басшылардың атқарған жұмыстары аз емес болатын. Алдағы уақыт сарапшы бола жатар. ЖАҢАДАН КЕЛГЕН БАСШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

КИЕЛІ САЙРАМДА ЖАҢА БАСШЫ,,,,

Сайрам ауданындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Самат Сапарбаевқа алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

«Сайрам Шымкент қаласына іргелес жатқан аудан. Осы өңірдің экономикалық ахуалын жақсарту үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән берілуі керек. Ол үшін инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлерге қойлайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұдан бөлек, ауданның сәулеттік инфрақұрылымдық дамуына да жаңа серпін қажет.  Аудандағы тағы бір өзекті мәселелерді бірі – жер телімдері. Мұнда жер телімдерін заңсыз иеленушілер көп. Бұл мәселені еліміздің заңына сәйкес толыққанды шешуді тапсырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.    Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев 1969 жылы 1 маусымда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – еңбекке баулу және жалпы техникалық пәндерінің мұғалімі, заңгер, көлік бакалавры.

Еңбек жолын 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының  Қызылқия ауылдық кеңесінің хатшысы болып бастаған.

1997-2012 жылдары аралығында Қазығұрт ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Қызылқия ауылы округінің әкімі, «Қазығұртсу» мекемесінің директоры, Қазығұрт аудандық «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2012 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары  лауазымын атқарып келді.

ОРДАЛЫ ОРДАБАСЫНЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

Жаңа басшыны таныстыруда өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Ордабасы ауданының  әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындап, сенім үдесінен шығуды тапсырды. Сонымен бірге, аудан экономикасын дамытуда  инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды жүктеді.  Өңір басшысы ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Алмасбек Мамытбековке алғысын білдірді.

«Ордабасы ауданында облысымыздағы ірі индустриалды аймақ пен   кәсіпорындар  көптеп шоғырланған.  Оның үстіне ауданды  «Батыс-Қытай, Батыс – Еуропа» автомагистралі қиып өтеді.  Темір жол қатынасы да жолға қойылған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өңірдің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға әбден болады. Сондай-ақ ауданда  инфрақұрылымдық-коммуналдық қажеттіліктер яғни су, жарық, жол мәселелері шешілмеген елдімекендер баршылық. Жаңа басшыға күре жолдың бойынан сервистік қызмет нысандарын көптеп салып, табысты еселеп, туристік бағыттағы нысандарды заманауи үлгіде дамыту жүктеліп отыр. Бұдан бөлек, аудандағы білім, ауыл шаруашылығы салаларын жақсартуды тапсырамын» ,- деді Ж. Түймебаев.

Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов 1970 жылы 2 қаңтарда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-механик. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясатың ұлттық мектебінің түлегі болып табылады, академиялық дәрежесі – әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының  Тельман колхозында жұмысшы болып бастаған.

1992-2011 жылдары «USKAX-IMEX» шағын кәсіпорында менеджер, «Астана» акционерлік қоғамының автокөлік маманы ретінде жұмыс атқарған, «Ақжар» өндірістік кооперативінің мүшесі болған, «Еңбек» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Ақжар ауылдық округінің әкімі лауазымдарын атқарған.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары  лауазымын атқарып келді.

Медиаон ақпарат 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.