Басты бет > Хабар > Жат ағымда еріп кеткен адамға қалай көмектесу керек?

Жат ағымда еріп кеткен адамға қалай көмектесу керек?

Жастар маған хиджап, сақал, теріс ағымдармен күресудің әдіс-тәсілдері, дін туралы, дін мен дәстүрдің байланысы, қабірге зиярат ету туралы сұрақтар қояды. Хиджап мәселесін қайта-қайта көтере берудің қажеті жоқ. Ол қоғам үшін өзекті емес. Оны ушықтырмай, бейбіт түрде шешуге болады. Діндар ата-аналар – атеистік қоғамда өскен жандар. Қалай олар аз уақыттың ішінде діни фанат болып кетті? Адам бәрін ақырындап үйренуі керек. Сананың бірден радикализациялануы қауіпті. Шынайы мұсылмандық дегеніміз – Исламның, құранның құндылықтарын ұстану, бүлік тудырмау. Адам жат ағымда жүргенін бірден байқай қоймайды. Себебі жанында жүрген адамдар оны тура жолда жүргендігіне сендіріп қояды. Ал басқа біреулер адасып жүргенін айтса, “олар сені көре алмайды”,-деп жұбатады. Теріс діни ағымға түсіп кеткен адамды шеттете беруге болмайды. Оларды өзімізге тартуға тырысуымыз керек. Жастарды теріс жолдан сақтандырудың ең бірінші жолы – оларға қазақи мәдениет негізінде тәрбие беру. Ол тек мұғалімнің жұмысы емес, ең бірінші отбасылық жұмыс. Ата-ана баласына бір уақыт болса да қарап, әлеуметтік желіде кімдермен дос, діни білімді қайдан алып жүргенін бақылауы керек. Жат ағымға кеткен адамдармен бірінші имамдарды, ғалымдары сөйлестіріп, діни мәселесін шешу керек. Кейде басқа да жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бізде қазір әлеуметтік лифт жұмыс істемей қалды. Содан таланттылардың қызметі өспей, тамыр-таныстылары жоғарылап кеткенін көрген адамда қоғамға деген өшпенділік пайда болуы мүкмін. Олар әділеттілікті іздей бастайды. Міне, осындай адамдарды жат ағымдықтар бірден анықтап, әділеттілік өздерінің діндерінде екенін айтып, алдайды. Қазіргі жастарда білім алатын, еліктейтін ұстанымдар өте көп. Интернет ашық, небір фильмдер бар. Жастар түрік, кәріс, орыс сериалдарының жетегінде тәрбиеленіп жатыр. Сонымен бірге арабтық дәстүрмен жүретін де жамағаттар бар. Олар мұсылман болуды араб болу деп ойлайды. Қазақ та 14 ғасыр бойы мұсылман болып келе жатыр. Халқымыз мұсылмандылықты көркем мінезбен байланыстырады. Қазақтың дәстүрі мен діні біте қайнасқан. Ал, арабтардың никхап, паранджа киюі климатқа байланысты шыққан. Теріс жамағақа кеткен адамдармен кәсіби психологтар жұмыс істеуі керек. Сектаға кіріп кеткен адамды бері қайтару үшін екі жыл уақыт керек екен. Ал біз жұмыстарымызды ұрандатып өткізе береміз. Дінге сенетін, сенбейтін жастарды да жинап, имаммен де, дінтанушымен де кездесу өткізе береміз. Сол себепті де жұмыстарымыз жемісті боламай жатыр. Сондықтан да қазір адресті түрде ұмыс істеуіміз керек. Дінге қызығатын адамдармен жеке жұмыс істеген дұрыс.

Медиаон ақпарат