Басты бет > Жастар > “Жас Отан” ЖҚ Түркістан облыстық филиалынан ақпарат

“Жас Отан” ЖҚ Түркістан облыстық филиалынан ақпарат

2019 жылдың 14 наурыз күні “Жас Отан” ЖҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Нұр Отан” партиясы Түркістан облыстық филиалының ғимаратында Мемлекет басшысының төрағалымен өткен “Нұр Отан” партиясының XVIII кезекті съезінде “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы аясында 3-мақсат: “Саламатты адамдардың қуатты ұлты” тақырыбында жастармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облыстық денсаулық басқармасының бас маманы Бахаева Гүлжамал Анарбайқызы, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетінің оқытушысы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ажаев Совет Ажайұлы және Түркістан жоғары медицина колледжінің Жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан қатысып, бағдарлама аясында өздерінің ойларымен бөлісіп, жастармен пікір алмасты.

“Жас Отан” ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрайымы Жұлдыз Алмазқызының айтуынша:

-Елбасымыз төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы алдағы 10 жылды қамтып, адамдардың әл-ауқаты мен толыққанды дамуы үшін жағдай жасау мақсатында 2030-жылға дейінгі уақытқа арналған жаңа бағдарлама түзді. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламада ең бірінші кезекте белсенді әлеуметтік саясатқа көшуге, әркімге қолжетімді болашақ білімді қамтамасыз етуге және дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыруға назар аударылған.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд. теңге бөлуді, 7 өңірде 10 заманауи стационар салуды тапсырды. Бұл стационарларда 100 мыңға дейін пациент емделетін болады. Түркістан облысында – 2 стационар салу жоспарланғанын атап өткен Елбасы «Нұр Отан» партиясы дені сау ұлттың қалыптасуын қолдайтындығын жеткізді.

Біз сау азық-түлік желісін кеңейтуді, мектептік тамақтану стандарттарын жақсартуды, балалар мен ересектердің жаппай спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасауды, психологиялық көмек көрсетуді кеңейтуге ықпал ететін боламыз. Әсіресе жастар арасында темекі шегумен, ішімдік пен есірткіні тұтынумен күрес жалғасатындығын айтқан Елбасы сөзін біз “Жас Отан” жастар қанаты да қолдайтындығымызды көрсетіп, темекі шегумен, ішімдік пен есірткіні тұтынумен күресті одан әрі күшейтуіміз керек – деді ол.

Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетінің оқытушысы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ажаев Совет Ажайұлының айтуынша:

– Елімізде тұрғындар саулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысының төрағалымен өткен “Нұр Отан” партиясының XVIII кезекті съезінде де партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасының “Саламатты адамдардың қуатты ұлты” яғни бағдарламаның 3 мақсаты халықтың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша мән берілді, нақтылай тапсырмалар жүктелді. Халқымызды салауатты өмір салтын ұстануға, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге үндейтін бұл міндеттер әрдәйім өзінің өзектілігін жоймақ емес. «Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелесең, ертең соның жемісін көресің» деген сөз бар. Ел Президенті өз сөзінде «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы шымыр сергек болуы шарт. Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, өмір сүру жасын ұзарту міндеті көзделген. Ол үшін жас ұрпақты жат қылықтардан бойын алыс ұстап, жеке тұлға болып қалыптасу үшін алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екендігін сезіндіріп, ұғындыра білгені абзал» – деді ол.

Медиаон ақпарат